Шаруашылық заттарын сатып алу

Шаруашылық заттарын сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
12.03.2026
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:00
Алматы қ., Абай даңғылы, 10В
3 қабат, кабинет 310
27.02.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
12.03.2026
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар

  • Тауар 1-Қосымшадағы тізімге сәйкес келуі тиіс;
  • тегін жеткізу; 
  • тауарлардың қажетті мөлшерінің болуы;
  • Төлем:  алдын ала 50% көлемін төлеу,  қалған 50% толық төлеу  (жеткізгеннен кейін);
  • «Нұрбанк» АҚ-да шот ашуы;
  • кәсіби құзыретінің, келісімшартқа сәйкес міндеттерін орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
  •  төлем жасауға қабілетті, жойылуға жатпайтын, мүлкі қамауға алынбаған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте оның қаржы – шаруашылық қызметі тоқтатылмаған болуы тиіс.
  • әлеуетті Жеткізуші тендерге қатысуға өтінішті дайындау мен беруге қатысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк тендер жүргізу мен оның нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар бойынша жауапкершілікке тартылмайды және міндеттер жүктемейді.
Заңдық құжаттар
  1. тендерге қатысуға берілген белгіленген формадағы өтінім;
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік) нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
  3. мемлекет лицензиялайтын қызметтің (сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялауы тиіс болса) қандай да бір түрін жүргізуге арналған лицензияның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы);
  4. уәкілетті тұлға – жеткізуші өкілінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырған көшірмесі;
  5. бірінші басшының жеке басын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырған көшірмесі;
  6. жеткізушінің уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысуға берген сенімхаты.  
Қаржылық құжаттар
  1. қызмет көрсететін банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткерде банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектердің жоқ екенін растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
  2. заңды тұлғалардың бір жылғы қаржылық есептілігінің заңды тұлғаның мөрімен расталған көшірмелері, бар болса мөрімен расталған жеке кәсіпкердің салық декларациясының көшірмелері;
  3. жеткізуші тіркелген орын бойынша Салық комитетінің салық төлеуге қатысты берешектердің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
  4. үміткермен қарым-қатынас жасаған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, онда қарым-қатынастың сипаттамасы мен сонымен бірге оның міндеттерін (бар болса) уақтылы және толық орындауға берген бағасы көрсетілуі тиіс;
  5. материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет
  6. ұсынған бағасы;
  7. Тендерге дейінгі 2 (екі) жылдағы Корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмесі. Алдыңғы екі жылдағы салық есебінде шығындар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың/қызметтің бағасының негіздемесін тапсыруы тиіс (кейін халықаралық іскерлік операцияның нысаны болатын тауар/жұмыс/қызмет сатылымдары бойынша).
Басқа құжаттама
  • тауардың  сипаттамасы, жеткізу шарттары, мерзімдері

Банктің Тендерлік комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін атаймыз.

«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтіні немесе өткізілетін жаңа күнді көрсете отырып, кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын жіберу арқылы тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы. 

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Байланысушы тұлға:

Баға мен құжаттардың топтамаларын жинақтау мәселелері бойынша:

  • Данилова А.А, телефон арқылы: +7 (702) 750-50-80, ішкі 5628, adanilova@nurbank.kz

Қатысуға өтінім