Сатып алынатын тауарлардың/қызметтердің атаулары Сатып алуға арналған техникалық айрықшама деп аталатын №1 Қосымшада, Сатып алуға арналған техникалық айрықшама - №2 Қосымшада келтірілген.
Тендерге қатысуға әлеуетті жеткізушіге қойылатын талаптар деген № 4 Қосымшада баяндалған өлшемдерге сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
Келісімшарт жасалған жағдайда Банкке келесі құжаттарды беру қажет болады:
Жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес.
Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдер берген әлеуетті жеткізушілерді тендердің болмайтыны немесе өткізілудің жаңа күнін көрсете отырып ауыстырылғаны туралы жазбаша хабардар ету арқылы тендердің өткізілуін болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Байланысқа шығатын тұлғалар:
Техникалық тапсырмаға сәйкес өзге құжаттама бойынша топтаманы дайындауға қатысты мәселелер бойынша Оспанбаев Сабитке хабарласыңыз
+7 (727) 2500000 ішкі нөмір 4000 sospanbayev@nurbank.kz