Тендерге, тендер өткізілетін сәтте келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер) жіберіледі:
Алдағы сатып алудың сипаттамасы:
Қызметтер көлемінің толық сипаттамасы, қатысушыларға қойылатын талаптар және жобадан күтілетін нәтижелер Техникалық тапсырмада (тендер хабарландыруының №1 Қосымшасы) көрсетілген.
Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес.
Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.
«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтіні немесе кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын жібере отырып, тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Байланысушы тұлғалар:
Асия Казанбасова, +7 771 327 36 57,