Міндеттері:
- Жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне, жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына, жеке сот орындаушыларына, нотариустар мен адвокаттарға (бұдан әрі – Клиенттер) есеп-кассалық қызмет көрсету;
- Банктің ішкі нормативтік құжаттары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік-құқықтық актілері және филиалдың операциялық қызметіне қатысты басқа реттеуші және уәкілетті органдар талаптарын білу және орындау;
- Клиенттерге ұлттық және шетел валютасында қолма-қол ақшаны қабылдау, қайта санау, беру және айырбастау операцияларын ресми кассалық құжаттарға сәйкес жүргізу.
Білімі:
жоғарғы/аяқталмаған жоғарғы/арнайы орта білім;
Жұмыс тәжірибесі:
ЕДБ-ның, өзге де ұйымдардың кассаларындағы, бухгалтерлік бөлімшелеріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 6 (алты) ай немесе «Нұрбанк» АҚ-да оқудан (тағылымдамадан) 10 күннен 1 (бір) айға дейінгі мерзімде өткен жағдайда, жұмыс тәжірибесі талап етілмеуі мүмкін.
Лауазымдық міндеттерін атқаруына қажетті жалпы ілімдер/біліктер:
- Компьютерде жұмыс істеу біліктілігі, MS Office стандартты пакетінің негізгі бағдарламаларын (қолданушы) білу;
- Іскерлік қарым-қатынас орнату әдебі жайлы біліктілігі;
- сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу дағдысы;
Тілдерді білуі:
Ағылшын – қажет болған кезде.