Менеджердің ассистенті

Менеджердің ассистенті

Алматы
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

    1. Клиентке сауалнама-өтінімді қарастыруға қажетті минималды құжаттар тізімін дайындау және тапсыру.
    2. Іскерлік хат алмасуларды жүргізу.
    3. ШОБ қарыз алушыларының Бөлімінің құзыретіндегі  анықтамаларды алу бойынша өтініштерін қарастыру шараларын өткізу.
    4. Клиенттердің кредиттік өтінімдерін қарау үдерісін құжаттамалық сүйемелдеу (жобалар бойынша сараптама жүргізу және/немесе жоба бойынша қорытындылар дайындау үшін қажетті құжаттарды жинауды қоса алғанда), жоба бойынша қорытындылар пакетін құру.
    5. ШОБ клиенттерін кредиттеу тәртібін реттейтін Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес қарыздар мен кепілдіктер беру туралы келісімшарттарды, кепілзаттық қамтаманы қабылдау туралы келісімшарттарды және олардың қосымша келісімдерін (қажет болған жағдайда) дайындау және ресімдеу.

Білімі:

1. экономика/қаржы/заң/менеджмент/маркетинг/ математика салаларындағы жоғарғы/аяқталмаған жоғарғы білім (соңғы курс) жоғарғы/арнайы орта/ аяқталмаған (соңғы курс) арнайы орта білім;

2. жоғарғы/аяқталмаған жоғарғы/арнайы орта білім (іштегі кандидатты көшірген кезде).

Жұмыс тәжірибесі:

  • «Нұрбанк» АҚ-да кемінде 1 (бір) ай оқудан (тағылымдамадан) өткен жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмеуі мүмкін
  • банк саласында/қаржылық құрылымдарда/микро кредиттік ұйымдарда (кредиттік бөлімшелер) тәжірибесі болған жағдайда, тағылымдама талап етілмейді.

Ілімі:

1. Компьютерде жұмыс істеу біліктілігі, MS Office стандартты пакетінің негізгі бағдарламаларын (қолданушы) білу.

2. Іскерлік қарым-қатынас орнату әдебі жайлы біліктілігі.  

3. Сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу дағдысы.

4.         Еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, жұмыстың ішкі тәртібінің ережелерін білу

23.02.2026
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз