IT тәуекелдер жөніндегі бас маман

IT тәуекелдер жөніндегі бас маман

Операциялық тәуекелдер басқармасы
Алматы
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

·  Банктің ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру және үйлестіру;

·  АТ/АҚ тәуекелдерін басқару әдістемесін өзекті ету;

·  Ақпараттық активтерді нормативтік құқықтық акт талаптарына сәйкес категориялау жүргізу;

·  Ақпараттық активтердің қасиеттерін бұзу салдарынан болатын шығындарды бағалау;

·  Ақпараттық технологиялық жүйелердің тоқтап қалуынан туындайтын шығындарды және олардың құнын бағалау;

·  Сындарлы АТ/ақпараттық активтер тізімін құру;

·  Бірінші/үшінші қорғау сызықтары бөлімдерімен өзара әрекеттесу.

 

Талаптар:

Білімі:

  • экономика/қаржы/техника/заң салаларындағы жоғарғы білім.

Жұмыс тәжірибесі:

  • банк немесе ақпараттық технология/ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл.

Ілімі мен біліктілігі:

  • Ақпараттық технологиялар тәуекелдерін және/немесе ақпараттық қауіпсіздікті басқару бөлігінде банк заңнамасын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • барлық офистік бағдарламаларды білу және олармен жұмыс істеу біліктілігі;
  • Іскерлік қарым-қатынас орнату әдебі жайлы біліктілігі;
  • Сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу дағдысы.
23.02.2026
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз