Кредиттік тәуекелдерді портфелдік талдау жөніндегі бас маман

Кредиттік тәуекелдерді портфелдік талдау жөніндегі бас маман

Кредиттік тәуекелдерді портфелдік талдау басқармасы
Алматы
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

    1. Банктің несие портфелін жалпы көлемде және филиалдар бойынша талдау және мониторинг жүргізу; активтер мен шартты міндеттемелердің дұрыс сыныптауын бақылау; ҚЕХС және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі талаптарына сәйкес қажетті резервтерді есептеу;
    2. Банктің кредиттік қызметін талдау, соның ішінде кепілдіктер мен аккредитивтерді қарастыру, жүргізілген талдау нәтижелері бойынша есеп дайындап басшылыққа ұсыну;
    3. Кредиттік тәуекелдердің портфелдік талдау басқаруын жетілдіру және модернизациялау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
    4. ҚЕХС және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі талаптарына сәйкес резервтерді есептеу үдерісін автоматтандыру және жетілдіру бойынша техникалық талаптарды әзірлеу;
    5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы қаулыларына сәйкес К3 тәуекел коэффициенттерін есептеу;
    6. Банктің несие портфелі бойынша кезеңдік стресс-тестілеуді жүргізу.

Білімі:

  • экономика/қаржы/техника/физика-математика  салаларындағы жоғарғы білім.

Жұмыс тәжірибесі:

  • банк немесе қаржы саласында кемінде 2 (екі) жыл.

Ілімі мен біліктілігі:

  • Қазақстан Республикасындағы ЕДБ қызметін реттейтін банктік заңнама мен нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • Функционалдық міндеттерін орындауға қажетті көлемде компьютерде және қолданыстағы бағдарламалық қамтамада жұмыс істеу біліктілігін меңгеру;
  • Атқаратын функциясының сипатына сәйкес келетін кәсіптік біліктіліктер мен мамандықтарды меңгеру;
  • мемлекеттік (абзалы) және орыс тілдерін білу;
  • жұмыстағы атқарушылық, ұқыптылық және жауапкершілік.
23.02.2026
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз