Осы арқылы «Нұрбанк» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Банк) 2013 жылғы 28 наурыздан бастап «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда жүйесінде шексіз диапазондағы инвесторлар арасында Банктің төртінші облигация шығарылымының (НИН — KZ2C0Y06D727) орналастырылуы туралы хабарлайды.
1. Банктің толық атауы — «Нұрбанк» Акционерлік қоғамы;
2. Орналасқан жері — Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ., Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 51–53;
3. Облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркелу күні — 04.02.2010 жыл;
4. Облигация түрі — қамсыздандырылған купондық облигациялар;
5. Орналастырылатын облигациялар саны — 158 000 000 дана;
6. Банктің төртінші облигация шығарылымының проспектісімен немесе олар туралы басқа ақпаратпен танысуға болатын бөлімше мен лауазымды тұлғалар туралы мәліметтер:
— Капиталды басқару басқармасының бастығы Есжанов А.А., тел.: 259 97 10 (ішкі. 5351);
7. Андеррайтердің атауы — «Нұрбанк» АҚ ДО «MONEY EXPERTS»
8. Андеррайтердің орналасқан жері — Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Республика алаңы, 13, 1-қабат, 106-кеңсе;
9. Облигациялардың орналастыру бағасы туралы мәліметтер — Банктің облигациялар бойынша саудасына тек жабық түрде «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда жүйесіне ұсынылған лимиттік өтінімдер қабылданады. Қанағаттандыру тәсілі — өтінім бағалары бойынша, олар кесу бағасымен тең немесе Банк үшін көбірек тиімді болатын маңызды.
10. Төлем туралы мәліметтер — Облигациялар мәмілелері бойынша есеп айырысулар «Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» АҚ ережесіне сәйкес жүргізіледі. Облигация сатып алушысы усынған облигациялардың ақысына қаражатты «Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» АҚ корреспонденттік шотына 28.03.2013 жыл, 15:00 ALT (Т+0) уақытында қамтамасыз етуі қажет.