ПРЕСС-РЕЛИЗ
Алматы
2009 жылғы 9 сәуір
Бүгін, бекітілген кестеге сәйкес, Нұрбанк $100 млн. синдикатталған қарызды және жиналған пайыздық сыйақыны өтеді.
Мәміленің ұйымдастырушылары Deutsche Bank AG (Германия), Raiffeisen Zentralbank Bank (Австрия) және UniCredit Group (Италия) болды. Синдикатқа 13 банк қатысты, қарыз 2 жылға LIBOR +1,65% жылдық ставкамен алынған болатын.
Синдикатталған қарызды төлеу 2009 жылы Нұрбанк үшін сыртқы міндеттемелер бойынша жалғыз төлем болды. Төлем банктің жеке қаражаты есебінен, қайта қаржыландырусыз және қосымша қарыздарсыз жүзеге асырылды, бұл осы қаржы институтының тұрақтылығы мен сенімділігін растайды.
Синдикатталған қарызды төлеу нәтижесінде Нұрбанк құрылымындағы сыртқы қарыздардың үлесі 11%-дан 8%-ға дейін азайды, бұл Қазақстан банктері арасында ең төменгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Сыртқы қарыздардың қалдығы $150 млн. евробондтардан құралады, оның өтем мерзімі 2011 жыл.
Нұрбанк Қазақстандағы ең ірі он банк қатарына кіреді. 2009 жылдың 1 қаңтарындағы аудиторлық топтастырылған бухгалтерлік есеп нәтижелеріне сәйкес банктің активтері 298,8 млрд. теңгені құрады, ал 2008 жылдың 1 қаңтарында 198,7 млрд. теңге болған, депозиттік база жыл ішінде 126,7 млрд. теңгеге өсіп, 185,5 млрд. теңгені құрады.