«Нұрбанк» акционерлік қоғамы, (мемлекеттiк қайта тіркеу туралы № 3868-1900-АО куәлік 9 қараша 2004 ж.), орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 168 «Б», 2009 жылғы 10 наурызда «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мәжілісінде қабылданған шешімге сәйкес, сіздерге Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі — Жиналыс) шақыру туралы хабарлайды. Жиналыс 2009 жылғы 27 сәуірде сағат 10:00-де Алматы қ., Достық д-лы, 38 мекен-жайында орналасқан «Кең Дала» бизнес-орталығының ғимаратында өтеді, қатысушыларды тіркеу сағат 9:00-де басталады.
Акционерлердің Жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2009 жылдың 17 наурызындағы жағдай бойынша түзілді.
Күн тәртібі:
1. 2009 жылға «Нұрбанк» АҚ-ның аудиторлық ұйымын және топтың (банктік конгломераттың) шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін анықтау.
2. 2008 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3. 2008 жылға «Нұрбанк» АҚ-ның таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2008 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның жай акциясына есептелген дивиденд мөлшерін бекіту.
4. Акционерлердің «Нұрбанк» АҚ-ның, оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жүгінулері және оларды қарастырудың қорытындысы туралы.
5. Директорлар кеңесінің және «Нұрбанк» АҚ-ның Басқармасының мүшелеріне сыйақы мөлшері және құрамы туралы.
Бірінші Жиналыста кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайталама Жиналысы 2009 жылғы 28 сәуірде көрсетілген мекен-жайда сол уақытта өткізіледі.
Жиналыс өткізу мәселелері бойынша, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпаратты (материалдарды) Алматы қ., Достық д-лы, 38 мекен-жайында орналасқан «Кең Дала» бизнес-орталығы ғимаратындағы «Нұрбанк» АҚ-тың офисіне хабарласып алуға болады, тел. 2-599-710 (5621).