Баспасөз хабарламасы
«S&P Global Ratings» халықаралық рейтинг агенттігі «Нұрбанк» АҚ-ның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «B-/B» деңгейінде және Банктің ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді рейтингін «kzBB-» деңгейінде құптады. Болжам – «Тұрақты».
S&P Global Ratings сарапшыларының пікірі активтер сапасын бағалау (AQR) өткеннен кейін Банктің қабылдаған шараларын мұқият талдау негізінде құрылған.
Қаңтарда өткізілген AQR қорытындысы бойынша Нұрбанк қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасына енгенін еске саламыз, бұл банктің 2020 жылдың сәуір айында 46,8 миллиард теңге сомасында 15 жылдық мерзімге төлейтін субординирленген облигациялар орналастыруға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта бұл қаражат банктен несие беру және нақты экономика секторын қолдауға бағытталған.
Сондай-ақ 2020 жылдың мамыр ayında Банктің ірі акционері банкті қосымша 20,038 миллиард теңгеге капиталдандыруды аяқтады.
Бұл барлық шаралар банк балансын тазартуға және соның нәтижесінде банктің сенімділігі мен қаржылық тұрақтылығын арттыруға, банктің таңдаған стратегиясына сәйкес даму және өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«Нарық дамуының қазіргі болжауға мүмкін емес жағдайларында, жағдайды бақылауда ұстау және Банктің сенімділігі мен тұрақтылығын жоғары деңгейде сақтау өте маңызды.
Халықаралық рейтинг агенттігінің бағасы – Нұрбанктің сенімділігінің тікелей дәлелі. Біз клиенттер алдындағы барлық қажетті міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін көп мөлшерде қосымша провизиялар құрдық. Банктің белгілі капитал көрсеткіші орындалады, ал өтімділік коэффициенттері реттеуші белгілеген нормалардан айтарлықтай асып түседі» - деді «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрағасы Эльдар Сарсенов.
Биыл банк кредиттік портфельді сақтау (өсім +1%) және 2021 жылы 2020 жылдың соңындағы қалдықтарға 5% арттыруды жоспарлап отыр.
Банк бәсекеге қабілеттілігін біртіндеп арттыруды жалғастыру, клиенттер үшін ең қолайлы жағдайларды сақтау және әмбебап банктің ажырамас бөлігі ретінде бөлшек бизнес бағытын дамытуды басымдық ретінде сақтау жоспарда.
«Нұрбанк» АҚ Баспасөз қызметі
+7 (727) 259 97 10 ішкі. 5465
+7 700 00 999 09