Millioner.kz жаңалықтар порталы
Қазақстандағы кредит нарығының басты интригасы — 2015 жылы ипотекамен не болатыны? Кейбір банктер мұндай қарыздарды беруді өткен жылдың соңында тоқтатты. 2015 жылы әлеуетті қарыз алушылардан не күту керектігі туралы www.millioner.kz порталының сұрақтарына «Нурбанк» АҚ баспасөз хатшысы Айгүл КАСЕНОВА жауап берді.
— 2015 жылы ипотекалық кредиттеудің перспективалары қандай? Банктер ипотекалық қарыздарды қуана-қуана бере ме немесе керісінше, бұл кредит түрін «тоқтатады» ма, әлде бәсеңдетеді ме? 2014 жылғы оқиғалар (теңгенің девальвациясы, мұнай бағасының төмендеуі, рубльдің құлдырауы) ипотекалық кредиттеуге қалай әсер етті?
— АҚШ долларына қатысты ұлттық валютаның бағамының өзгеруімен, энергетикалық тауарлардың бағасының құлдырауы және Қазақстан экономикасындағы басқа да теріс құбылыстармен байланысты 2014 жылғы оқиғалар, екінші деңгейлі банктердің ипотекалық кредиттердің ұсынысын төмендетуіне табиғи түрде ықпал етті. Алайда бұл, банктердің 2015 жылы бұл кредиттеу бағытын «тоқтататыны» туралы айтпайды. Ипотека банктің тұтынушылары арасында дәстүрлі түрде сұранысқа ие. Сондықтан, банктер ипотекалық қарыздардың бағаларын қайта қарап, арттырғаннан кейін, ипотекаға кредит беруді жалғастырады.
— Яғни, ипотекалық қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер өседі ме?
— Әрбір банк сұраныс пен ұсыныс заңына негізделген өз бағалық саясатын жүргізеді. Алайда біз, ҚҚ макроэкономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы аясында, ипотекалық өнімдер бойынша мөлшерлемелердің және/немесе комиссиялардың өсуін болжаймыз.
— 2015 жылы банктер ипотекалық қарыздарды беру саясатында өзгерістер жасай ма, қарыз алушыларға қойылатын талаптарды тұқырта ма?
— Біздің ойымызша, қарыз алушыларға қойылатын талаптар 2014 жылғы деңгейде қалады.
— Теңгеде және долларда берілген ипотекалық қарыздардың арақатынасы қандай болады?
— Әрине, ұлттық валютадағы кредиттер басым болады, өйткені тұтынушылардың девальвациялық күтулері, БВУ ұсынған ағымдағы өнімдер және халықтың басым бөлігі табыстарды теңгеде алатындығымен байланысты.