«Нұрбанк» АҚ Бас банкке және филиалдарға 2020 жылға А4 форматындағы кеңсе қағазын сатып алу бойынша ашық тендер өткізетін конкурсты жариялайды.
Конкурстың нәтижелері бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған компаниямен жеткізу туралы келісімшарт жасалатын болады.
Осы хабарламаның қосымшасынан талаптар тізімі мен қажетті қағаз мөлшері бар файлдарды таба аласыз.
Тендер түрі: ашық
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2019 жылғы 4 желтоқсан, сағат 12:00, мекенжай: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», кеңсе, кабинет № 204
Ашық тендер 2019 жылғы 5 желтоқсанда сағат 14:30, мекенжай: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», кабинет №310.
Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар:
Тендердің қатысушысы болу үшін келесі құжаттама пакеттерін ұсыну қажет:
1 пакет: Заңды құжаттама
1) тендерге қатысу өтінімі белгіленген үлгі бойынша;
2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаның тіркелуі/қайта тіркелуі туралы куәлік (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есепке алу куәлігі);
3) тиісті лицензияларды жүргізуге арналған мемлекеттік лицензиялау (сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялануға жатса) көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқа);
4) өкілетті тұлға — жеткізушінің өкілі ретінде жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) жеткізушінің өкілетті тұлғасына Тендерге қатысуға берген сенімхат;
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) Қатысушының банкіден алған реквизиттерін және банкі алдында мерзімі өткен қарыздардың жоқтығын растайтын түпнұсқа анықтама;
2) Заңды тұлғалардың бір жылдық қаржылық есептемелерінің, нотаруста куәландырылған мөрімен расталған салық декларацияларының көшірмелері;
3) Жеткізушінің тіркелген жеріндегі Салық комитетінен алынған салықтарды төлеу бойынша борыштың жоқтығын растайтын түпнұсқа анықтама;
4) Бұрын жеткізушімен ынтымақтасқан заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибесінің мерзімділігі, міндеттемелерді толық орындауы мен басқа да аспекттерді қамтитын баға және сипаттамалар;
5) Материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы мәлімет;
6) Бағалық ұсыныстар;
7) Тендер өткізуге дейінгі екі жылдық корпоративтік табыс салығының декларацияларының көшірмелері. Салық есебінде алдыңғы екі жылдағы шығындардың бар болуы жағдайында қатысушы ұсынылатын тауар/қызметті негіздеп беруі керек (халықаралық жұмыс жүргізетін сатылымдар/жұмыстар/қызметтер);
3 пакет: Басқа құжаттама
1) Тауардың сипаттамасы, жеткізу шарттары, мерзімдері.
2) Потенциалды жеткізуші тендерлік өтінімді әзірлеу және беру бойынша барлық шығындарды өзі көтереді және Банк пен тендерлік комиссия осы шығындарға қатысты жауап бермейді және міндеттемелерді көтермейді, тендер өткізілу сипатына және нәтижелеріне қарамастан.
Өз тарапымыздан атап өтеміз, Банктің Тендерлік комиссиясы потенциалды жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын кез келген басқа тұлғаға қатысты ақпаратты ашуға құқылы емес.
«Нұрбанк» АҚ тендерді жою немесе кейінге қалдыру құқығын сақтай отырып, тендерлік өтінім берген потенциалды жеткізушілерді жою немесе кейінге қалдыру туралы жаңа өткізу күнін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етуге құқылы.
Потенциалды жеткізуші соңғы тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Байланыс тұлғасы:
Мәселелер бойынша:
Қосымша №1. Техникалық спецификация (қоттау. xls, 28 КБ)
Қосымша №2. Критерийлер (қоттау. docx, 17 КБ)