«Нұрбанк» АҚ ESG-трансформация іс-шаралары бойынша кеңес беру қызметтерін сатып алу

«Нұрбанк» АҚ ESG-трансформация іс-шаралары бойынша кеңес беру қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
06.03.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай д-лы, 10В
3-қабат, 310-кабинет
24.02.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинақтау

Осы мерзімге дейін:
05.03.2025
Уақытқа дейін:
12:00
Мекен-жайы:
Абай даңғылы, 10В, 204 кабинет канцеляриясы

Жеткізуші қызметтердің әлеуетті талаптары тендерге қатысу үшін

Төлем шарттары
  1. S&P Global CSA бағалауын алу процесін сүйемелдеу тәжірибесінің болуы;
  2. GRI сертификатын 2022 жылдан кейін алған кемінде 1 жұмыскерінің болуы; 
  3. жұмыскерлердің халықаралық қаржы ұйымдарынан (ЕҚДБ, Халықаралық қаржы корпорациясы) алған ESG саласындағы оқуды аяқтағаны туралы сертификаттарының болуы;
  4. тұрақты даму жөніндегі есепті дайындау тәжірибесінің болуы.
Жеткізушілерге арналған негізгі талаптар
  1. Тұрақты даму есебінің маңызды тақырыптарының тізімін анықтау;
  2. Банктің тұрақты даму жөніндегі деректерді жинау жүйесін (ESG статистикасын) құру. Тұрақты даму туралы ақпаратты және тұрақты даму туралы есепті қалыптастыру үшін ESG статистикасының дерекқорын қалыптастыру;
  3. Парниктік газдар шығарындыларына жыл сайынғы бағалау/түгендеу жүргізу;
  4. Тұрақты даму бойынша жыл сайынғы жария қаржылық емес есептілікті дайындау;
  5. Жұмыскерлердің жұмысқа тартылу деңгейін өлшеу;
  6. Жұмыскерлерге ESG жөнінде дәріс беру және біліктілігін арттыруды жүргізу;
  7. Директорлар кеңесінің мүшелеріне ESG жөнінде дәріс беру;
  8. Халықаралық ESG рейтингісін алуға қолдау көрсету;
  9. Экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді (ESDD) кешенді бағалау бойынша іс-шараларды өткізу / Банктің құрылымы мен ерекшеліктеріне бейімделген ESDD әдістемелік құралын әзірлеу.
Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері
  1. Әлеуетті жеткізушілердің жоғарыда айтылған талаптарға сәйкестігі;
  2. Ұсынылатын бағасы;
  3. Төлеу шарты;
  4. Қызметтерді көрсету мерзімі.

Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар пакеті

Заңгерлік құжаттама
  1. тендерге қатысу өтінімі;
  2. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік), тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің көшірмелері;
  3. Мемлекет қайсыбір қызметпен (тауар/жұмыс/қызметтер сатып алу үшін лицензия керек қызметтер) айналысуға берген лицензиясының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын қоса) көшірмесі;
  4. жеткізушінің өкілі - уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  5. жеткізуші уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін берген сенімхатын тапсыру керек.
Қаржы құжаттамасы
  1. 1 жылға баға ұсынысы;
  2. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасы;
  3. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық мағлұмдамасының көшірмелері;
  4. үміткердің тіркелген жергілікті Салық комитетінің салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
  5. материалдық-техникалық базасы туралы мәліметі;
  6. Келісімшарт бойынша тауарды жеткізген кезде «Нұрбанк» АҚ есеп айырысу шоты арқылы өзара есеп айырысуға берген келісімінің растамасын тапсыру керек.
Басқа құжаттама

Тендерді өткізу сипатына, оның нәтижесіне қарамастан өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды Әлеуетті жеткізуші көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы ол шығыстар бойынша өзіне міндеттеме алмайды.

Өз тарапымыздан, Банктің тендерлік комиссиясы әлеуетті қызмет жеткізушіге немесе тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын кез келген басқа тұлғаға тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты ашпауы мүмкін екенін ескертеміз.

«Нұрбанк» АҚ тендер өткізуін күшін жойып, кейінге қалдыруға құқылы және тендерге өтінім ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендердің күші жойылғандығы немесе кейінге қалдырылғандығы туралы жаңа өткізілетін күнін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жіберуі қажет.
Өтініш беруші тендерлік өтінімдерін берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Тендер уәкілетті тұлғаның қатысуымен немесе уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса, онсыз өткізілетін болады.

Құжаттама бойынша топтаманы құру мәселелері бойынша:

Туктубаев Надир

+7 (727) 259 97 10, ішкі 4633

Қатысушылардың өтінімі