Жалақы жобасы

Жалақы жобасы

Еңбекақыны 5 минут ішінде есептеу
Жалақы жобасы

Ұйым үшін артықшылықтар

  • Еңбекақы жобасы есептеудің барлық операциялары үшін 0%

  • Бухгалтерияның жұмысын жеңілдету үшін файлдардың әртүрлі форматтарын қолдау

  • Еңбекақының тұрақты және уақтылы төлемдері 5 минут ішінде 

Ұйым үшін артықшылықтар

Компания басшылары үшін артықшылықтар

  • Сыйлық ретіндегі сыйлықақылы карталар
  • Дүние жүзінде 1200-ден астам бизнес-залдарға қол жеткізу
  • Жеңілдіктер мен артықшылықтар
Компания басшылары үшін артықшылықтар

Қызметкерлерге арналған артықшылықтар

  • Сервистердің толық жиынтығы бар ыңғайлы Nur24.kz қосымшасы
  • Банкке барудың қажетінсіз – цифрлық картаны лезде ресімдеу
  • Нақты ақшамен 5%-ға дейін сashback
  • Смартфонда (Apple Pay / Samsung Pay / Google Pay) пайдалану
  • Kaspi QR, Nur24.kz қосымшасы арқылы ыңғайлы сауда жасау
Қызметкерлерге арналған артықшылықтар

Кеңес алу

Жиі қойылатын сұрақтар

Еңбекақы жобасы бойынша еңбекақыны есептеу кезіндегі комиссия қандай?

Жаңа клиенттер үшін еңбекақыны есептеу еңбекақы жобасы аясында комиссиясыз жүзеге асырылады. 

ҚР басқа банктердің банкоматтарынан еңбекақы жобасының карталарын пайдаланып қолма-қол ақша алу кезіндегі комиссия қандай?

ҚР басқа банктердің банкоматтарынан қолма-қол ақша алу үшін комиссия картаңыздың тарифіне байланысты.

Visa Gold - айына 500 000 KZT-ға дейін - 0 KZT, операция сомасының 0.9%-ынан жоғары - ең төмен 200 KZT

Visa Platinum - айына 1 000 000 KZT-ға дейін - 0 KZT, операция сомасының 0.9%-ынан жоғары - ең төмен 200 KZT

Visa Infinite - айына 5 000 000 KZT-ға дейін - 0 KZT, операция сомасының 0.9%-ынан жоғары - ең төмен 200 KZT

Қызметкер еңбекақы жобасына қатысудан бас тарта ала ма?

Иә, қызметкер еңбекақы жобасынан бас тартып, жұмыс берушінің ішкі рәсімдеріне сәйкес еңбекақыны басқа банктің картасына алуына болады.  

Жаңа қызметкер еңбекақы жобасына арналған цифрлық картаны қалай ресімдей алады?

Жаңа қызметкер банктің мобильді қосымшасы арқылы бірнеше минут ішінде цифрлық картаны дербес ресімдей алады. Ресімдеу жүргізілгеннен кейін қызметкер еңбекақы есептеу үшін компанияның бухгалтеріне картаның деректемелерін беруі тиіс. Шығарылған карта еңбекақы алуға, сатып алуларды төлеуге және барлық банк сервистерін пайдалануға бірден қолжетімді болады. Қажет болған жағдайда пластик тасымалдағышы бар цифрлық картаны да шығаруға болады.  

Цифрлық карта туралы қосымша ақпаратты қайдан алуға болады?

Банктің мобильді қосымшасында - Менің банкім - картаны таңдау - Әрекеттер - Қосымша ақпарат.

Еңбекақы алу үшін карталардың қандай түрлерін пайдалануға болады?

Еңбекақыны келесі карталар бойынша алуға болады:

  • Visa DIGITAL Gold STANDART (Цифрлық карта)
  • Visa Gold
  • Visa Platinum
  • Visa Infinite
Еңбекақы карта жоғалған немесе ұрланған жағдайда не істеу керек?

Байланыс орталығына хабарласу қажет. Карта бұғатталғаннан кейін, оны қайта шығаруды рәсімдеуге болады. 

Еңбекақыны есепке алу қанша уақытты алады?

Жұмыс беруші тізілімді тапсырғаннан кейін, еңбекақы әдетте бірнеше минут ішінде есептеледі. 

Еңбекақыны басқа банктің картасына аударуға бола ма?

Иә, қызметкер жұмыс берушінің белгіленген тәртібіне сәйкес еңбекақыны басқа банктің картасына ала алады. 

Еңбекақы жобасының аясында қызметкер қандай жеңілдіктер алады?

Қызметкерлер ыңғайлы мобильді қосымшаға, онлайн аударымдары мен төлемдерге, цифрлық картаға, арнайы ұсыныстар мен басқа да банктік сервистерге қол жеткізе алады.