«MSB Avto» несиесі, «Нұрбанк» АҚ | Жеңіл, жүк және мамандандырылған автомобильдер

ШОБ Авто

Бизнес үшін автокөлік
ШОБ Авто
Автокөліктерді сатып алу, оның ішінде жеңіл автокөліктер, жүк көліктері, әртүрлі мақсаттағы арнайы автокөліктер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер және бизнеске тікелей қатысатын басқа да көлік құралдары.

Шарттар

Қаржыландыру валютасы

KZT, USD және Банктің уәкілетті органы шешетін басқа шетел валюталары*

Сыйақы мөлшерлемесі

22,50%-дан 23,50%-ға дейін (ЖТСМ 25,6%-дан 34,0%-ға дейін)**

Кредиттеу түрі
  • Банктік кредит
  • Қайта жаңартылмайтын кредит желісі
Кредиттеу мерзімі

84 айға дейін. Сонымен қатар, кредиттің мерзімі сатып алынған көлік құралын пайдалану мерзімінен аспауы керек

Қарыз сомасы

500 000 000 ₸ немесе шетел валютасындағы эквивалентіне дейін

Өтеу кестесі
  1. Негізгі қарыз – ай сайын дифференциалды төлемдер
    Сыйақы – ай сайын
  2. Негізгі қарыз – ай сайын аннуитеттік төлемдер
    Сыйақы – ай сайын
  3. Банктің уәкілетті органы анықтаған негізгі қарызды өтеудің жеке кестесі
    Сыйақы – ай сайын
Бастапқы жарна
  • Жаңа көлік сатып алу кезінде – сатып алынатын көліктің нарықтық құнынан 20%-дан
  • Қолданылған көлік сатып алу кезінде – сатып алынатын көліктің нарықтық құнынан 30%-дан
  • Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын мүлік (жер телімдерін қоспағанда) немесе ақша кепілге берілген жағдайда – 0%
Қамтамасыз ету
  • Негізгі кепіл – сатып алынатын автокөлік
  • Жылжымайтын мүлік
  • Автокөлік құралы түріндегі жылжымалы мүлік
  • Ақшаны кепілге қою
  • «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның кепілдігі
Комиссиялар

Банктің бекітілген тарифтеріне сәйкес***

Сақтандыру

КАСКО автокөлік сақтандыруы, банк пайдалынышы ретінде жыл сайын кредит мерзімі соңына дейін ұзартылатын

* Клиенттің сәйкес валюталық түсімдері және (немесе) олардың валюталық тәуекелдерін клиент тарапынан тиісті хеджирлеу құралдары жабатын клиенттер үшін.

** Ескерту: сыйақы мөлшерлемелері «Нұрбанк» АҚ Активтер мен пассивтерді басқару комитетінің шешімімен бекітілген (10.10.2025 жылғы №107-12 хаттамасына бойынша №1).

*** Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тарифтер қолданылмайды, егер бұл Банктің қаржы агенттігімен жасалған келісіммен және/немесе ҚР заңнамасымен және/немесе бағдарламалар шарттарымен және/немесе Банктің уәкілетті органы шешімімен қарастырылған болса.

Кеңес алу

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Кредит қандай мақсаттарға беріледі?

Бизнес үшін жеңіл немесе жүк көлігін сатып алу үшін.

2. Кімдер қатыса алады?

Жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар.

3. Кредит мерзімі қандай?

Бизнес үшін автокөлік сатып алуға кредиттеу мерзімі 7 жылға дейін.

Бұл ретте, кредиттеу мерзімі сатып алынатын автокөлікті пайдалану мерзімінен аспауы тиіс.

4. Бастапқы жарна талап етіледі ме?

Иә, 20% бастап.

5. Көлікті жеке тұлғадан сатып алуға бола ма?

Иә, меншік құқығын растайтын құжаттар болса.