Төлемдерді файлдарды қолмен экспорттаусыз және импорттаусыз тікелей 1С-тен қалыптастырыңыз және жіберіңіз
Банктік үзінді көшірмелерді кесте бойынша: сағат сайын немесе таңдалған график бойынша алыңыз
Деректер 1С және банк арасында шифрланған байланыс арнасы арқылы тікелей беріледі
Сервисті қосу, пайдалану және техникалық қолдау көрсету толығымен тегін
Барлық құжаттар — төлемдер, мәртебелер, үзінді көшірмелер — өзіңізге үйреншікті есеп жүйесінде қолжетімді
Сервис «1С:Бухгалтерия для Казахстана» 3.0 және одан жоғары редакциясын, сондай-ақ оның негізіндегі салалық шешімдерді пайдаланатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған
Сервис тегін көрсетіледі.
Иә. Дұрыс жұмыс істеуі үшін Nur Business жеке кабинетіндегі «1С DirectBank» бөлімінен банктің кеңейтімін жүктеп алып, орнату қажет.
Жоқ. Қауіпсіздік мақсатында төлемдерді соңғы растау және оларға қол қою Nur Business интернет-банкінде орындалады.
Жоқ. Алмасу тікелей банктің серверімен қорғалған байланыс арнасы арқылы жүзеге асады.
Жоқ. Банк тек пайдаланушының өзі қалыптастырған және шифрланған түрде жіберген құжаттарды ғана алады.