Ресей Федерациясының валюталық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты 2004 жылғы 2 тамыздан бастап ресей рублінде қаржы аудару кезінде «Ресей рублінде ақша аудару өтінішін» толтыруда 70-Төре жолында «Валюталық операцияның түрі коды» көрсетуіңіз қажет.
Бұл ретте назар аударыңыз:
Код жеті таңбадан тұрады. Алғашқы екеуі (1,2) - VO (латын әліпбиінде)— өзгеріссіз қолданылады, келесілері (3…7)— сандық. *
Тек электрондық клиенттерге арналған*— жақша ішіндегі аралықтар (бос орындар) жіберілмейді!
«Өкілетті банктердің клиенттерінің валюталық операциялары тізімін» пайдалану. 2004 жылғы 17 маусымдағы №117-И Ресей Банкінің нұсқаулығына №2 қосымша «Резиденттер мен резидент еместердің өкілетті банктерге валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде құжаттар мен ақпараттарды ұсыну тәртібі, өкілетті банктердің валюталық операцияларды есепке алу және валюталық мәмілелерді ресімдеу тәртібі».
Мысал: (VO13010) М-325 КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША 040218-КҮНІНЕН ТЕХНИКАЛЫҚ МАЙЛАРҒА ТӨЛЕМ ЕС-332 КҮНІНЕН
Қате немесе көрсетілмеген валюталық операцияның түрі коды көрсетілген аударымдар ресейлік банктермен өңдеу және төлем үшін қабылданбайды.
Сондықтан сізге ұсынамыз:
аталған кодтарды өз ресейлік контрагенттеріңізден сұраңыз,
2004 жылғы 17 маусымдағы №117-И Ресей Банкінің нұсқаулығына №2 қосымша «Өкілетті банктердің клиенттерінің валюталық операциялары тізімін» пайдалану.
«Валюталық операцияның түрі кодының» дұрыс көрсетілуіне жауапкершілік клиентке жүктеледі.