«Korona» ақша аударымдары «Нұрбанк» АҚ-да | Шот ашусыз

Korona

Korona

Артықшылықтары

Nur24.kz мобильді қосымшасында ақша аударымдарын алу және жіберу
Бірнеше секунд ішінде қолжетімді
Шот ашусыз
Тек алушының елі және толық аты-жөні қажет
Комиссия 0 теңге

Шарттар

Валюта KZT, USD, RUB
Максималды аударым сомасы 4 500 000 KZT / 10 000 USD 
Аударым бағыты 50-ден астам елге 20 000 пункт
Комиссия ақша аударым жүйесінің тарифтеріне сәйкес
Жіберу және алу әдісі

Nur24.kz қосымшасында

Банк бөлімшелерінде

 

Korona ақша аудару жүйесінің тарифтері

Nur24.kz жүктеңіз, қай жерде болсаңыз да, 24/7 сипатында ақша аударыңыз және алыңыз

AppStoreGooglePlay

Nur24.kz жүктеңіз, қай жерде болсаңыз да, 24/7 сипатында ақша аударыңыз және алыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Аударымды қалай жіберуге болады?

Қосымшаға кіріп, Аударым бөліміне өту және «Korona» жүйесін таңдап алу қажет, бұдан әрі «Аударымды жіберу» функциясын, алушы тұратын елді таңдау қажет, алушының аты-жөнін, телефонының нөмірін, аударым сомасы мен валютасын енгізу керек. 

2. Аударым жасағаны үшін қандай комиссия алынады?

Теңгеде төлеген кезде тариф 0 теңге (алу валютасы жіберілген валютадан өзгеше болған кезде)

3. «Korona» жүйесімен аударымда қай елдерге жіберуге болады?

Ақша аударымдарын Ресейге, Түркияға және ТМД-ның бірқатар елдеріне жіберуге болады.

4. Неліктен аударым сомасы төлем сомасымен сәйкес келмейді?

Аударымды жіберген кезде, жиынтық сомасында комиссия немесе айырбастау бағамы есепке алынады.

5. Аударымды қай валютада жіберуге болады?

KZT, USD, RUB

6. Жіберілетін аударымның сомасына қатысты шектеу бар ма?

Жіберілетін аударымның ең жоғарғы сомасы:

4 500 000 KZT, 10 000 USD, RUB – 10 000 USD баламасында

7. Жіберілетін немесе алатын аударымдардың санына қатысты шектеу бар ма?

Күніне 5 аударым немесе айына 15 аударым

8. Аударым жіберіліп қойғаннан кейін алушының деректерін қалай өзгертуге болады?

Деректерді өзгерту мүмкін емес, аударымды қайтару, содан кейін қайта жіберу қажет.

9. Аударымның күшін қалай жоюға және ақшаны қалай қайтарып алуға болады?

Комиссия болған кезде оны есепке алмағанда, алушы ақшаны алмаған жағдайда, клиент ақшаны қайтара алады. Ақша аударым жасалған картаға/шотқа қайтарылады. 

10. Аударымды қалай қайтарылады?

«Тарих» бөліміне өтіп, аударымды тауып алу керек, аударымға басқан кезде түбіртек ашылады, осы арада «Аударымды қайтару» түймесін басып, операцияны растау қажет.

11. Аударымды қалай алуға болады?

Қосымшаға кіріп, Аударым бөліміне өту және  «Korona» жүйесін таңдап алу қажет, бұдан әрі «Аударымды алу» функциясын таңдап, SMS-тен келген кодты енгізу, қол жетімді аударымды алуды таңдау және операцияны растау керек. Ақшаны теңге картасында бірден алуға болады.

12. Картадан/шоттан ақша шешіліп қойған, ал аударым өтпей қалған кезде не істеуге болады?

Ақша есептен шешілгенімен, алушы оны ала алмаған кезде, байланыс орталығына хабарласу керек. 

13. Код енгізілген SMS келмей жатса не істеу керек?

2 минут өткен кезде, SMS сұрата аласыз. Егер қайтара сұратқаннан кейін де, SMS келмесе, онда байланысты тексеру, телефонды қайта қосу және аударымды қайтадан алуға талпыныс жасау керек.

14. Мобильді қосымшадан аударымның мәртебесін қалай білуге болады?

«Тарих» бөліміне өтіп, аударымды тауып алу керек, аударымға басқан кезде түбіртек ашылады.

15. Алушының аударымды алғанын немесе алмағанын қалай білуге болады?

Аударым мәртебесін келесі сілтемеден көруге болады: https://koronapay.com/transfers/check-status/

16. Аударымды банк бөлімшесі арқылы жіберуге бола ма?

Иә, болады. Ақша аудару үшін Банк бөлімшесіне келіп, жеке куәлігіңіз бен ақша алушының деректемелерін ұсынуыңыз керек.

17. Аударымды банк бөлімшесінен алуға бола ма?

Иә, болады. Аударымды алу үшін бөлімшеге барып, жеке куәлікті көрсету және аударым нөмірін айту жеткілікті.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қандай аударымдар қолжетімді?

Нұрбанкте келесі ақша аударым жүйелері қолжетімді:

  1. Korona
  2. Multitransfer (ТМД елдеріне аударымдар)
  3. UPT
  4. RIA Money Transfer
  5. MoneyGram
  6. SWIFT
  7. Western Union
  8. NUR Экспресс
  9. Kwikpay (уақытша жұмыс істемейді)

Сондай-ақ сіз Nur24.kz мобильді қосымшасы арқылы телефон нөмірі мен карта нөмірі бойынша Қазақстанның басқа банктеріне ақша аудара аласыз.

Nur24.kz Android үшін Nur24.kz IOS үшін

Аударым жасағанда қате деректер көрсетілсе не істеу керек?

Банк бөлімшесіне барып, өтініш беріңіз. Сондай-ақ, дұрыс деректерді беру жауапкершілігі жіберушіге жүктелетінін ескертеміз.

Халықаралық аударым жіберу үшін қандай құжаттар қажет?

Банк бөлімшесінде халықаралық аударым жіберу үшін сізге керек:

  • жіберушінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы
  • алушының реквизиттері (Т.А.Ә., ел, қала)
Ресейге ақша жіберу керек. Мұны қалай істеуге болады?

Банк бөлімшесінде:

  • шот ашпай-ақ Korona аударымы
  • шот ашпай-ақ Kwikpay аударымы (уақытша жұмыс істемейді)
  • шот ашып SWIFT аударымы

Nur24.kz мобильді қосымшасында:

  • Korona
  • Multitransfer (ТМД елдеріне аударымдар)
  • SWIFT
Аудару үшін қандай комиссиялар бар?

Аударым тарифтерімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз - Банк тарифтері

Егер ақша картадан/шоттан аударылып, ақша аударымы өтпеген жағдайда не істеуге болады?

Егер ақша аударылып, ал алушы оны алмаса, онда Байланыс орталығына хабарласу керек.