| Валюта | KZT |
| Сомасы |
Банктің уәкілетті органы бекіткен мүлік құнының 80%-ына дейін, бірақ 70 000 000 ₸ аспайтын |
| Бастапқы жарна | 20%-дан |
| Мерзім | 25 айдан 240 айға дейін |
| Қамтамасыз ету | сатып алынатын тұрғын жылжымайтын мүлік |
| Берілуі | кепіл шарты мемлекеттік өкілетті органда тіркелген кезде |
| Сақтандыру | кепілдік мүліктік сақтандыру міндетті |
| Қарыз алуға өтініш пен құжаттарды қарау үшін комиссия | 0 ₸ |
| Қарыз ұйымдастыру үшін комиссия |
Кредит сомасының 2,5%-ы + 12 000 ₸ 0% - комиссиясыз кредиттеу шарттарын таңдау кезінде |
| Өтінімді қарау мерзімі | 3 жұмыс күнінен бастап |
| Қажетті құжаттар |
жеке куәлік* |
* Банк қосымша құжаттар талап етуге құқылы
| Номиналды мөлшерлеме | Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі | |
| Комиссиялармен | 20,0% - 21,5% | 22,14% - 24,96% |
| Комиссиясыз | 22,2% | 24,59% - 24,93% |
Сыйақы мөлшерлемелері Активтер мен пассивтерді басқару комитетінің шешімімен бекітілген (17.04.2026 ж., №47-11 хаттама)
Бұл есептеу несиенің ай сайынғы шығындарын бағалау үшін болжалды болып табылады және Банктің несие беру міндеттемесі болып табылмайды
Банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін бұзу және қарыз алушының Банктің банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы хабарламасында көзделген талаптарын қанағаттандырмауы жағдайында Банк келесі шараларды қолдануға құқылы:
Банк қолданған жоғарыда аталған шаралардан туындаған жауапкершіліктен басқа, қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша кепілдік затына қатысты міндеттемелерді, атап айтқанда, сақтандыру шартын жаңарту немесе ұзарту бойынша міндеттемелерді, кредиттің мақсатты пайдаланылуы туралы міндеттемелерді және банктік қарыз шартында көзделген басқа да ақша емес міндеттемелерді орындамау үшін банктік қарыз шартында белгіленген көлемде айыппұл (айыппұлдар, өсімпұлдар) төлейді, сондай-ақ банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерді орындамауы және берешекті өндіріп алу шараларын іске асыруға байланысты Банктің барлық шығындарын айыппұлдардан тыс толық көлемде өтейді.
Егер қарыз алушы жеке тұлға болса, ол банктік қарыз шарты (бұдан әрі – Шарт) бойынша міндеттемені орындау мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 36-бабының 1-1-тармағына сәйкес Банкке келуге және (немесе) жазбаша нысанда не Шартта көзделген тәсілмен Шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімінің өту себептері, кірістері және Шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын өтініш беруге құқылы екенін хабарлаймыз. Бұл ретте Банк Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында көзделген қарыз алушы – жеке тұлғаның өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде қарыз алушы – жеке тұлға ұсынған Шарт талаптарына өзгерістерді қарайды және жазбаша нысанда не Шартта көзделген тәсілмен қарыз алушы – жеке тұлғаға мыналар туралы хабарлайды:
Банктің Шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешімін алған немесе Шарт талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген жағдайда қарыз алушы – жеке тұлға Банктің шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Банкті бір мезгілде хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы. Қарыз алушы Банктің Шарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімі өткен берешекті енгізу қажеттігі туралы талабын орындамаған жағдайда, Банктер туралы заңның 36-бабының 2-тармағына сәйкес Банк Банктер туралы заңда көзделген шектеулерді ескере отырып, қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны, оның ішінде төлем талабын ұсыну арқылы даусыз тәртіппен өндіріп алуға құқылы (егер мұндай өндіріп алу Шартта көзделген болса).
Қарыз алушы Банктің Шарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімі өткен берешекті енгізу қажеттігі туралы талабын орындамаған, сондай-ақ қарыз алушы – жеке тұлға Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында көзделген құқықтарын іске асырмаған не қарыз алушы – жеке тұлға мен Банк арасында Шарт талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда, Банктер туралы заңның 36-бабының 2-1-тармағына сәйкес Банк қарыз алушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Шартта көзделген шараларды, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей: берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге (егер Банктің мұндай құқығы Шартта көзделген болса), Шарт бойынша құқықты (талапты) Банктер туралы заңның 36-1-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғаға беруге, Шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап қоюға, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілге салынған мүлікті соттан тыс тәртіппен не сот тәртібімен өндіріп алуға құқылы.
Кепілсіз несиелерді бекіту туралы шешімді Банктің автоматтандырылған жүйесі немесе уәкілетті алқалық орган қабылдайды. Банк менеджерлері мен қызметкерлері бұл процеске қатыспайды және шешімге әсер ете алмайды. Әр жағдайда шешім жеке қабылданады және сіздің кредиттік тарихыңыз бен төлем қабілетіңізге байланысты.
«Шоттар» бөлімінде қажет шотты таңдап, Nurbank картасынан толықтыруды басу.
Несиені «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде өтеуге болады, комиссия алынбайды.
Комиссия жіберуші-банктің тарифтеріне сәйкес ұсталады.
Шоттың деректемелерін Банктің мобильді қосымшасынан көруге болады.
Операцияны қалай орындау керек:
Ең аз мерзім — 12 ай, ең ұзақ мерзім — 60 ай.
Сыртқы қайта қаржыландырудың максималды сомасы 7 000 000 теңгеге дейін.
Қарыздар тек Қазақстан Республикасының резиденттері үшін қарастырылып, рәсімделеді. Банк тұруға ықтиярхаты бар Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға қарыз беру мүмкіндігін қарастырады.
Расталған кіріс кемінде 150 000 (жүз елу) мың теңге болуы керек. Әрбір нақты жағдайда шешім жекелей қабылданады және несие тарихының сапасына және төлем қабілетіңізге байланысты болады.
Иә. Бұл жағдайда өтеу төлемдер кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Кепілсіз қарыздар бойынша:
Кепілмен қамтамасыз етілген несиелер бойынша:
* Банк қосымша құжаттар сұратуға құқылы.
Несиенің алғашқы төлемінің күнін Nur24.kz қосымшасы арқылы және несие келісім шартының төлем кестесінде біле аласыз.
Жоқ, мерзімінен бұрын несиені өтеуге комиссия жоқ. Сонымен бірге, ішінара мерзімінен бұрын өтеу сомасы 3 (үш) айлық төлемдерден кем болмауы тиіс. Ішінара мерзімінен бұрын өтеу саны шектелмеген.
Жоқ. Ол үшін банкінің кредит менеджеріне хабарласуыңыз қажет
Несие шарттарын өзгертуге өтініш беру үшін несие менеджеріне хабарласуыңыз қажет.
Ол үшін алдын ала өтеу шарттары мен сомасын нақтылау үшін Банктің несие менеджеріне хабарласуыңыз қажет.
Банктің ең жақын бөлімшесіне хабарласып немесе 2552 нөмірі бойынша Байланыс орталығына қоңырау шалу қажет. Техникалық ақау расталған соң және ақша кредит шотына есептелгеннен кейін, төлем кесте бойынша жабылады, айыппұл (бар болса) жойылады және оң кредиттік тарих сақталады.
Ай сайынғы төлем сомасын Nur24.kz мобильді қосымшасынан, сондай-ақ несиелік келісімдегі төлем кестесінен біле аласыз.
Банк міндеттемелерді орындау кешеуілдеуінің және төлемдер енгізу қажеттілігінің туындағаны туралы ескерту жіберіп тұрады, бұл туралы банктік қарыз шартында көрсетілген тәсілмен кешіктірілмей, оның туындаған күнінен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей.
Төлемнің кешіктірілуі Сіздің несие тарихыңызға теріс әсер етуі мүмкін. Несиеңізді уақытында өтеуді ұмытпаңыз. Несие бойынша төлемнің кешіктірілуі кезінде Банк қолданыстағы банктік қарыз келісімінің шарттарына сәйкес айыппұлдар мен өсімпұлдар салады.
Біз сізге кешіктірілген қарызды өтеуді ұсынамыз.
Жеке деректеріңізді жаңартуыңыз қажет. Банк бөлімшесіне барыңыз немесе бұл туралы Банкке жазбаша хабарлаңыз.
Жоқ. Қазіргі уақытта барлық несиелер Нұрбанк бөлімшелері арқылы ресімделеді.
Иә, Нұрбанк екінші тұрғын үй сатып алуға арналған Банктің өз ипотекалық несие бағдарламасын ұсынады.
Кепіл мүлкінің бастапқы бағасын тәуелсіз бағалау ұйымдары жүргізеді. Қайталама бағалауды Банк филиалдарының бағалау қызметі тәуелсіз сарапшы жүргізген бағалаудың дұрыстығын анықтау үшін кепіл мүлкінің тұрған жеріне барып жүзеге асырады.
Иә, Банк басқа банктердегі қарыздар бойынша қайта қаржыландыруды жүзеге асырады, егер несие бойынша төлем мерзімі кешіктірілмесе. Қайта қаржыландыру үшін жақын бөлімшеге жүгіну қажет.
21 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейін.
Иә, біздің Банк бірнеше автонесие бағдарламаларын ұсынады:
Серіктес автосалондарда жаңа автокөлік алу үшін;
Қолданылған автокөлік алу үшін.
Несие өтінішін қарау үшін Сізге Банк бөлімшесіне жүгіну қажет.