LS Қаржы журналындағы «Жеке шот» жаңалығына теріске шығару

LS Қаржы журналындағы «Жеке шот» жаңалығына теріске шығару

Ақпарат көзі: http://lsm.kz/nurbank-prodal-svoyu-chast-za-172-mln-tenge.html

«Нұрбанк» АҚ LS журналының өкілдері аукцион туралы жаңалықты қате түсіндіргенін хабарлайды. Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 2015 жылғы 18 наурызда «Нұрбанк» АҚ мемлекеттік акциялар пакетін сату аукционы өтті. Мемлекеттік акциялар пакеті – бұл 25 652 дана артықшылықты акциялар (немесе Банктің орналастырылған акцияларының 0,2386%-ын құрайтын), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тиесілі акциялар.

Аукцион бағаны көтеру бойынша ағылшын әдісімен өткізілді. Лоттың бастапқы құны — 155 964 160 тг, кепілдік жарна — 60 105 662 тг, сату бағасы — 171 950 486 тг. Аукцион өтті, бұл аукцион жеңімпазын анықтауды білдіреді, бірақ мәміле әлі аяқталған жоқ. Аукцион жеңімпазы анықталғаннан кейін мәміле жасасу және осы акциялар пакетіне меншік құқығын тіркеу жүзеге асырылады, тек осыдан кейін мәміле аяқталған болып саналады.

20.03.2015