Акционерлік қоғам «Нурбанк» (бұдан әрі – Банк) облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есептің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бекітілгені туралы хабарлайды.
- Бағалы қағаздардың шығарылуын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, бағалы қағаздардың шығарылуын мемлекеттік тіркеу күні - қолданылмайды;
- Шығаруға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны, бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірі - қолданылмайды;
- Облигациялар шығарған жағдайда, проспектісінде көрсетілген номиналды құны, айналу мерзімі және өтеу тәртібі, табыстың төлеу тәртібі мен мерзімі, ковенанттар және/немесе басқа да шектеулер көрсетіледі - қолданылмайды;
- Жарияланған бағалы қағаздардың санын арттыру: бағалы қағаздардың шығарылым проспектісіне өзгертулерді мемлекеттік тіркеу күні, жарияланған бағалы қағаздардың санын арттыру туралы шешім қабылдау күні және осындай шешім қабылдаған акционерлік қоғам органы, мемлекеттік тіркеуден өткен өзгерістерді шығарылым проспектісіне енгізуден кейінгі жарияланған бағалы қағаздардың түрлері бойынша саны - қолданылмайды;
- Бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдау күні - қолданылмайды;
- Бағалы қағаздарды орналастырудың басталу күні, орналастыру шарттары, орналастыру ұсынылған бағалы қағаздар саны мен орналастыру тәсілі - қолданылмайды;
- Бағалы қағаздарды орналастырудың аяқталу күні (орналастыру есептік кезеңді көрсетуімен), бағалы қағаздарды өтеу күні – орналастыру кезеңі: 2014 жылғы 5 маусымнан 2014 жылғы 4 желтоқсанға дейін;
- Бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті, есептік кезеңдегі орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздар саны мен түрін көрсету арқылы өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту күні – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен 2015 жылғы 9 қаңтарда бекітілді, есептік кезеңде облигациялар орналастырылған жоқ;
- Есептік кезеңде акционерлік қоғам шығарған бағалы қағаздардың оның иелерінен сатып алынған саны мен түрі - сатып алынған жоқ;
- Есептік кезеңдегі акциялар бойынша дивидендтерді, облигациялар бойынша табысты төлеу туралы мәліметтер – купондық сыйақы төлеу 2014 жылғы 9 желтоқсанда 525 000 000,00 теңге көлемінде жүзеге асырылды;
- Бағалы қағаздар шығарылымының жою күні және оның жою негіздемесі - қолданылмайды.