«Нұрбанк» акционерлік қоғамы (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік №3868-1900-АҚ 2004 жылғы 9 қарашада берілген), мекенжайы: Алматы қ., Абылай хан д-лы, 51-53, 2013 жылдың 20 наурызында «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімге сәйкес «Нұрбанк» АҚ-тың жылдық жалпы акционерлер жиналысын (бұдан әрі - Жиналыс) шақырады.
Жиналыс 2013 жылғы 29 сәуірде, сағат 10-00 де Алматы қ., Абылай хан д-лы, 51-53, 5 қабат, конференц-залда өтеді.
2013 жылғы 29 сәуірдегі Жиналыста кворум болмаған жағдайда, қайталама Жиналыс 2013 жылғы 30 сәуірде сол уақытта жоғарыда көрсетілген мекенжайда өтеді.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 жылдың 20 наурызындағы жағдай бойынша жасалған.
«Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесі Жиналыстың күн тәртібін келесідей анықтады:
10. «Нұрбанк» АҚ акционерлерін 2012 жылғы Директорлар кеңесінің және банк Басқармасының мүшелеріне берілген сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпараттандыру.
Жалпы акционерлер жиналысына қатысу үшін, акционерлер - жеке тұлғалар өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
Акционерлердің өкілдері – жеке тұлғалар нотариуспен куәландырылған, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес рәсімделген сенімхат және өкілдің жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
Акционерлердің өкілдері – заңды тұлғалар заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхат және өкілдің жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет. Қазақстан Республикасы заңнамасына немесе шарттар бойынша сенімхатсыз акционердің атынан әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлға үшін жалпы акционерлер жиналысына қатысуға және қарастырылатын мәселелер бойынша дауыс беру үшін сенімхат талап етілмейді.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңының 5-1 тармағындағы талаптарды орындау туралы мәлімдеме берулері қажет.
Жиналыс өткізу мәселелері бойынша, сондай-ақ күн тәртібі мәселелеріне қатысты қажетті ақпаратпен (материалдармен) танысу бойынша Орынбетова Ардак Касымовнаға хабарласуыңызды өтінеміз («Нұрбанк» АҚ кеңсесі, мекенжайы: Алматы қ., Абылай хан д-лы 51-53, тел: 2599-710, ішкі тел: 5479).