27 сәуірде Тараз қаласының қалалық Мәдениет үйінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында «Табыс маржаны – 2012» атты І облыстық сұлулық пен талант байқауы өтті. Шығармашылық көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, балалар өздерінің таланты мен шеберлігін көрсетті, сондай-ақ өз қолдарымен тіккен костюмдерін көрсетті.
Тараз қаласындағы Нурбанк АҚ филиалы бұл байқауға қатысушыларға қолдау көрсетіп, басты демеуші атанды. Қатысушы қыздарға бағалы сыйлықтар табысталды.