«Нұрбанк» АҚ және Халықаралық Төлем Жүйесі «VISA International» 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап 2012 жылдың 30 маусымына дейін Акция өткізуде, оның мақсаты клиенттердің «Visa Gold» төлем карталары туралы хабардарлығын арттыру, оларды белсендіруді ынталандыру, сондай-ақ олардың санын көбейту.
1) 18 (он сегіз) жасқа толуы;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
3) 2012 жылдың 30 желтоқсанынан бастап жарамды Қазақстан Республикасының азаматы паспортының болуы;
4) Visa Gold төлем карталарының иегері;
5) Қазақстан Республикасындағы сауда және қызмет көрсету мекемелерінде немесе Интернет желісінде тауарлар мен қызметтерді төлеу үшін 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап 2012 жылдың 30 маусымына дейін Visa Gold карталарын қолданып, кемінде 1 (бір) операция жасау.
1) VISA International Халықаралық Төлем Жүйесі қызметкерлері
2) банктер (арнайы операциялар нөмірлерін беретін банк қызметкерлері)
3) Акцияны дайындауға және өткізуге қатысатын кез келген басқа компаниялар және олардың жақын туыстары (күйеуі / әйелі, балалары, бауырлары / әпкелері, ата-аналары)
1) 1 (бір) бас жүлде — Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласына екі адамға саяхат (бұдан әрі - «Бас жүлде»);
2) 10 (он) екінші жүлде — 5 (бес) Samsung Galaxy смартфондары және 5 (бес) планшеттер.
Акцияның жүлде қоры 2012 жылдың 15 шілдесінде ойнатылады.
Қосымша хабарлаймыз, аталған науқан аясында қосымша Visa Gold Шоппинг Күндері акциясы өткізіледі, ол 2012 жылдың 6 сәуірінен 29 сәуіріне дейін, MEGA Alma-Ata сауда орталығында әр жұма, сенбі және жексенбі күндері өтеді, атап айтқанда: 6, 7, 8, 13, 14, 15, 20, 21, 22, 27, 28, 29 сәуір.
Акцияға Visa Gold карталарының иелері, сондай-ақ Банк шығарған карталардың иелері қатыса алады.
Осы акцияға – Visa Gold Шоппинг Күндері қатысушыларға MEGA Alma-Ata сауда орталығындағы сауда нүктелерінде 50% дейін жеңілдіктер беріледі.
Жеңілдіктерден басқа, әр Visa Gold картасының иесі Visa Gold Шоппинг Күндері акциясы кезінде 15 мың теңгеден асатын сомаға тауарлар мен қызметтерге төлем жасағанда, Visa Gold брендтелген сөмкесін сыйлық ретінде алады.