Хабарлама

Хабарлама

«Нұрбанк» АҚ 2007 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігімен 30 000 000 000 теңге сомасындағы облигациялық бағдарлама аясында тіркелген облигациялар бағдарламасы шеңберіндегі үшінші облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес, Басқармасының шешімімен KZPC3Y07B420 облигациялары (KASE ресми тізімі, «Рейтингсіз борыштық бағалы қағаздар» санатының бірінші ішкі санаты, NRBNb6; 100 теңге; 5,0 млрд. теңге; айналым мерзімі 24.01.2008–24.01.2015; жартыжылдық купон инфляция деңгейіне индекстелген; 30/360) бойынша 2012 жылғы 24 қаңтардан 2013 жылғы 23 қаңтарға дейінгі бесінші купондық кезеңге 9,4% жылдық сыйақы мөлшерлемесі белгіленгені туралы хабарлайды.

Сондай-ақ, бұл купондық ставка көрсетілген облигациялар шығарылымының проспектісімен қарастырылған купонның минималды және максималды шектеріндегі және ставка қайта қаралуына дейін барлық купондық сыйақы төлемдеріне жарамды болатынын хабарлаймыз.

Ағымдағы купондық кезеңде көрсетілген облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 9,3% жылдық болды.

20.01.2012