БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы

2008 жылдың маусым айында «Нұрбанк» АҚ 22%-ға жарғылық капиталды қосымша ұлғайтып, оның көлемі 6,5 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар, кредиттік тәуекелдерді жабу үшін резервтер көлемін арттыру мақсатында ссудалық портфель бойынша провизиялар 6 млрд теңгеге арттырылды.

Банкті капиталдандыруды ұлғайту туралы шешім қабылдау және провизиялар деңгейін параллельді арттыру қаржы нарықтарындағы және экономикада түзету кезеңдерінде кредиттік тәуекелдерді белсенді басқарудың үздік халықаралық тәжірибесін іске асыру болып табылады. Осы шаралар нәтижесінде банктің капиталдандыру көрсеткіші минималды 12,0% талап деңгейінде 22,1%-ға жетеді. Бұл қадам банктің тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру стратегиясының бір бөлігі болып табылады және «Нұрбанк» АҚ қызметінде транспаренттіліктің негізгі қағидаларын толық көрсетеді.

«Нұрбанк» басқарма төрағасы Нұрмұхамед Бектемисовтың айтуынша, банктің жарғылық капиталын қосымша арттыру туралы мәселе бойынша қазіргі акционерлердің толық қолдауы бар және қаржы институттарын басқарудың ең жақсы халықаралық практикасын ұстануға ұмтылыс танытады. «Бұл ретте акционерлердің банктің сапалы және тұрақты дамуын қолдауға дайын екендігі тағы бір рет дәлелденеді», — деп атап өтті Бектемисов мырза.

«Нұрбанк» АҚ басшылығының пікірінше, бұл қадам рейтингтік агенттіктер мен капитал нарықтарында оң қабылданады. Сонымен бірге бұл оқиға биыл ішкі сапалы өзгерістерде, ал келесі жылдан бастап Банктің қаржылық көрсеткіштерінде көрсетілетін тұрақты дамудың жаңа кезеңінің басталуын білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші жартыжылдықтың соңында «Нұрбанк» АҚ халықаралық синдикатталған қарыздар мен алғашқы еурооблигациялар шығарылымы бойынша барлық ірі төлемдерді аяқтады. Айналымда 2011 жылы өтеу мерзімі болатын бір ғана еурооблигациялар шығарылымы қалды. 2008 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша «Нұрбанк» АҚ ссудалық портфельге қатысты провизиялар көлемі 10%-ды құрайды, ал жарғылық капитал 33,6 млрд теңгеге дейін өседі.

25.06.2008