БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы

2008 жылдың 2 маусымында Нурбанк кестеге сәйкес, 2006 жылғы 2 мамырда тартылған, жалпы сомасы 133 млн доллар болатын синдикатталған қарызды өтеуді аяқтады және есептелген сыйақыны төледі. Бұл қарызды ұйымдастырушылар Deutsche Bank AG (Германия) және RaiffeisenZentralBank AG (Австрия) болды.

Аталған синдикатталған қарызды Нурбанк өз ресурстары есебінен қайта қаржыландырусыз өтеді, бұл қаржы институтының тұрақтылығының, сондай-ақ Қазақстан банктік секторының тұрақтылығының тағы бір айғағы болды.

Осылайша, жоспарланғандай, 2008 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Нурбанк осы жылы сыртқы міндеттемелерін толық өтеген алғашқы қазақстандық банк болды. АО «Нурбанк» басқарушы директоры Данияр Нурскеновтың айтуынша, синдикатталған қарыздар мен еурооблигациялар түріндегі сыртқы қарыздың үлесі міндеттемелердің жалпы көлеміндегі клиенттердің депозиттік базасының өсуі есебінен 20%-дан кем деңгейге дейін төмендеді.

Еске сала кетейік, Нурбанктың 2011 жылы өтелуі тиіс жалғыз 150 млн доллар көлемінде еурооблигациялар шығарылымы қалған.

АО «Нурбанк» Қазақстанның ең ірі он банкінің қатарына кіреді. Банктың 2008 жылдың 1 сәуіріндегі ХҚЕС бойынша аудиттелмеген жиынтық қаржылық есебіне сәйкес, банктың активтері жылдың басынан бастап 19% -ға өсіп, 235,8 млрд теңгеге жетті. Клиенттердің салымдары сәуір айының басында 103,8 млрд теңге белгісіне жетіп, міндеттемелердің 50% -ынан астамын құрады.

03.06.2008