2025 жылғы 13 сәуірде сағат 01:00-ден 05:00-ге дейін жоспарланған техникалық жұмыстар туралы хабарлаймыз. Көрсетілген кезеңде төлем карталарын (ақша алу, ақша есепке алу, аударымдар, төлем және өзге де қызметтер) пайдалану бойынша барлық операциялар, сондай-ақ банкоматтар мен POS-терминалдардағы операциялар уақытша қолжетімсіз болады. 2025 жылғы 13 сәуірде сағат 05:00-ден бастап барлық операциялар әдеттегі тәртіпте қолжетімді болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.