Нұрбанк UPT жүйесі арқылы халықаралық ақша аударымдарын іске қосты

Нұрбанк UPT жүйесі арқылы халықаралық ақша аударымдарын іске қосты

«Нұрбанк» АҚ UPT – жаңа халықаралық ақша аударымдары жүйесін іске қосқанын қуана-қуана хабарлайды.  

UPT дегенім не?

UPT – бұл Түркияда құрылған, аударымдар мен төлемдер үшін алғашқы жаһандық платформа. Бұл жүйе әлемнің 180 елінде пайдаланылады және қазақстандықтар үшін басты бағыттар бойынша ең тиімді тарифтерді ұсынады. Бүкіл әлем бойынша 400 мыңнан астам қызмет көрсету офистерінде, оның ішінде тек Түркияның өзінде – 7 мың офисте төлемдерді  қолма-қол ақшалай алуға болады.

Аударымды қалай жіберуге болады?

 Аударымды Nur24.kz мобильді қосымшасында (бұл қосымша App Store және Google Play-де қолжетімді) бір-екі шерту арқылы алуға немесе жіберуге болады. Сонымен қатар, аударымдар Nurbank-тің кез келген бөлімшесінде қолжетімді.

 

UPT неге тиімді?

Ең төмен комиссия – Түркияға аударым жасаған кезде бар-жоғы 1%, бұл – нарықтағы ең төмен тарифтердің бірі.

Қаражаттар алушыға лезде жетеді.

Географиялық ауқымы кең – аударымдар әлемнің ондаған елдерінде қолжетімді, оның ішінде:

  • Түркия
  • Өзбекстан
  • Грузия
  • Қырғызстан
  • Қытай
  • Оңтүстік Корея
  • Әзірбайжан
  • Катар
  • БАӘ
  • Үндістан
  • Еуропа елдері және т.б. елдер.

Бүгінгі таңда клиенттерге алты халықаралық ақша аудару жүйесі қолжетімді:

  • UPT
  • Ria Money Transfer
  • Золотая Корона
  • KWIKPAY
  • Western Union
  • SWIFT

Нұрбанк өзінің клиенттеріне бұрынғыдан да ыңғайлы және тиімді шешімдер ұсыну үшін серіктес жүйелердің тізімін арттыруға белсенді түрде жұмыс атқаруда.

 

13.05.2025