Ипотека беру қызметі қайта іске қосылды

Ипотека беру қызметі қайта іске қосылды

2025 жылғы 14 шілдеден бастап тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық қарыздар беру қайта жанданды. Ипотекалық несиелеу бағдарламасы қазіргі нарық жағдайына бейімделіп, кең ауқымды клиенттерге қолжетімді.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

  • Несиенің сомасы: 5 млн теңгеден 70 млн теңгеге дейін

  • Несиелеу мерзімі: 60 айдан 120 айға дейін

Сыйақы мөлшерлемелері:

  • Комиссияларды ескере отырып: жылдық 17,1%-дан 17,7%-ға дейін Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ): 19,40%-тан 19,72%-ға дейін

  • Комиссиясыз: жылдық 17,9% ЖТСМ: 19,98%-ға дейін

Ипотекалық несие ресімдеуге өтінімді кез келген бөлімшеден беруге болады, сондай-ақ біздің сайттан алдын ала кеңес алуға мүмкіндік бар

14.07.2025