Құрметті клиенттер, несие қарызы мен төлем мерзімі өткендер үшін кепілсіз несиелер бойынша акция басталғанын хабарлаймыз.
Акцияға қарызы (негізгі қарыз және сыйақы) 1600 АЕК-ден (5 520 000 теңге) аспайтын, төлем мерзімі 360 күннен асқан жеке тұлғалар қатыса алады.
Негізгі қарыздың барлық қарызын бір мезгілде төлеген жағдайда, айыппұл санкциялары (өсімпұлдар) толықтай жойылады, сонымен қатар, сыйақыны 50%-дан 100%-ға дейін жою мәселесін қарастыру мүмкіндігі беріледі.
Акцияға «Тауарлық несие» және «Төлем карталары бойынша кредиттік лимит» банктік өнімдерін қоспағанда, барлық кепілсіз несиелер қатысады.
Толығырақ ақпаратты банктің бөлімшесіндегі менеджерден алуға болады.
Акция 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады.