Қазақстанның даму банкі (Бәйтерек холдингінің еншілес ұйымы, әрі қарай — Даму Банкі, Банк) "Нұрбанк" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ-мен бірлесіп, RG Brands Kazakhstan ЖШС-на синдицирленген несие аясында қаржыландыруды қамтамасыз ету жөнінде үшжақты келісімге қол қойды. Қаржыландыру жоғары технологиялы өндірістік желілерді сатып алуға, өндірістік цехты кеңейтуге, компанияның өндіріс және сатылым көлемін арттыруға, сондай-ақ жаңа перспективалы нарық — Өзбекстан Республикасына өнім экспортын ұлғайтуға бағытталады.
Келісімге Даму Банкінің басқарма төрағасы Марат Елебаев, "Нұрбанк" АҚ басқарма төрағасы Гүлнара Мусатаева және "Банк ЦентрКредит" АҚ атқарушы директоры Марат Қарибжанов қол қойды.