Нұрбанктен кепілді білім: балаларыңыздың болашағына салым

Нұрбанктен кепілді білім: балаларыңыздың болашағына салым

Банктің директоры Гүлнара Мусатаева, ата-аналар балаларына арнайы депозиттер мен кредиттер арқылы жоғары білім алуды қалай қамтамасыз ете алатыны туралы

Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының оқу жылының құны орташа есеппен 300 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін өзгеріп отырады. 2020–2021 оқу жылында студенттердің 34% ғана грантпен оқыды, қалған 66% ақылы бөлімде оқыды. Көптеген отбасылар ірі жинақтарға ие емес, сондықтан кейбір талапкерлер жоғары немесе орта арнайы білім ала алмайды. Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Гүлнара Мусатаевамен болашақ студенттер мен олардың ата-аналары жоғары білім алу үшін қандай мүмкіндіктері бар екені туралы әңгіме өрбітті.

— Қазақстанда жоғары білім құны бірнеше миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Сондықтан әдетте көптеген ата-аналар балаларының біліміне қаржы жинауға мәжбүр. Бірақ көбі бұл процессті жылдамдатуға көмектесетін арнайы депозиттер бар екенін білмейді…

— Шынымен де, AQYL білім депозитінің көмегімен оқу құнын жылдамырақ жинауға болады. Мұндай депозит ашып, банктен және мемлекеттен сыйақы алуға болады. Бұл депозит ең жоғары кірістілігі бар. Оның мөлшерлемесі 16%-ға дейін жетуі мүмкін. Банктен алған сыйақы және мемлекеттік сыйақы негізгі депозитке қосылады.
Оның артықшылықтарының бірі — депозиттегі қаражатқа тұтқындау немесе басқа өндіріп алу шаралары қолданылмайды. 10 миллион теңгеге дейінгі депозиттер Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры арқылы сақтандырылған. Ашылуы үшін 3 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) қажет болады, 2022 жылы бұл 9 189 теңге. Депозитті салымшы кез-келген уақытта толықтыра алады.

Алайда, жүйелі түрде жарналар табысшылығын арттырады және болашақта Қазақстандық немесе шетелдік жоғары оқу орнына түскенде ақша қайдан табам деп алаңдамауға мүмкіндік береді. Нұрбанкте мұндай депозитті кассалар мен мобильді қосымшалар арқылы тез арада толықтыруға болады.
— Мұндай депозиттің табыстылығы қандай?

— AQYL депозиттік мөлшерлемелерін банктер өздері белгілейді. Бізде мұндай депозиттің базалық мөлшерлемесі нарықтағы ең қолайлысы: 9%. Банктің сыйақысынан бөлек, мемлекеттік премия да қосылады: жалпыға 5% жылдық және жетім балаларға, ата-анасыз қалған балаларға, мүгедек адамдарға, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 7% жылдық. Мемлекеттік премия салымшының жинаған қаражаттарына, банктің сыйақысын ескере отырып есептеледі. Сыйақы депозиттің бүкіл мерзіміне сақталады. 2013 жылдан бастап, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі іске қосылғаннан бері, мемлекеттік сыйақы қарастырылған.
— Баланың туылғанынан бастап мұндай депозит ашуға бола ма?

— Иә, мұндай депозитті баланың туылған сәтінен бастап ашуға болады. Бұл үшін банкте баланың туу туралы куәлігін ұсыну жеткілікті. Негізінен осы депозиттерді ата-аналар, әжелер мен аталар өз балалары мен немерелерінің болашағына қамқор болу мақсатында алдын ала ашады. Көбінесе баласы бірінші сыныпқа барған кезде осындай депозит ашылады.

Біздің салымшыларымыз арасында екінші жоғарғы білім және магистратура немесе докторантура алуды жоспарлаған орта деңгейдегі табысы бар жас қызметкерлер де бар. Білім депозиті сонымен қатар, корпоративті-әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыратын, мотивация элементі ретінде қолдана алатын компанияларға да қызықты. Білімге салынған инвестициялар әрдайым ең тиімді деп саналған.
Білім депозиттері бойынша жинақтарды Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары немесе колледждерде кәсіби-техникалық білім алу, бакалавриат және магистр дәрежесін алу үшін пайдалану мүмкін. 
Жалпы алғанда, мұндай депозиттегі қаражат шетелдегі оқу ақысын, соның ішінде білім беру және тілдік курстар үшін де төлеуге жұмсалуы мүмкін.

31.10.2022