Нұрбанкте ірі акционер ауысады

Нұрбанкте ірі акционер ауысады

 

ҚР-ның қаржы нарығын реттеу және қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігінің басқармасы шешімімен Эльдар Сарсеновке «Нұрбанк» АҚ-ның ірі (жанама) қатысушы мәртебесін алу келісімі берілді. Бұл туралы ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі хабарлайды. Kapital.kz

Бұл мәртебе «JP Finance Group» ЖШС-нің 100% қатысу үлесін және, сәйкесінше, банктің орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынған акцияларды қоспағанда) акцияларының және (немесе) дауыс беретін акцияларының 87,87% жанама түрде алу құқығын береді.  

Эльдар Сарсеновтың «JP Finance Group» ЖШС-нде қатысу үлесін нақты алуынан және, сәйкесінше, банктің жанама ірі қатысушысы мәртебесіне өткен сәттен бастап, ол «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы қызметін қалдыруы тиіс.

2021 жылғы қыркүйекте халықаралық S&P Global Ratings агенттігі «Нұрбанктың» ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «B-/B» деңгейінде және банктің ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді рейтингін «kzBB-» деңгейінде растады. Болжам «Тұрақты». S&P Global Ratings сарапшыларының айтуынша, шешім банктің актив сапасының біртіндеп жақсаруына негізделген және мемлекет пен меншік иесінен қолдау тапты. Аталған болжам «Нұрбанктың» активтердің сапасын біртіндеп жақсартуға және бизнесінің жоспарлы дамуына жеткілікті капитал қорын сақтай алатынын көрсетеді. Рейтинг агенттігі банктың тұрақты қаржыландыру профильін сақтай алатынын және жеткілікті өтімділік қорын қамтамасыз ете алатынын күтуге болады деп есептейді.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Нұрбанк» екінші деңгейлі банктерге қойылған барлық нормативтерді сақтайды. Банктің әрекеттерінде банк заңнамасының ешқандай бұзушылықтары жоқ. 2020 жылдың наурызында банк қаржы секторын тұрақтандыру бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысушы болды. Бағдарлама аясында акционер банк капиталын 20 млрд теңгеге көбейтті.

2021 жылдың алғашқы сегіз айының қорытындысы бойынша «Нұрбанктың» қызметі табысты. Активтер 448,2 млрд теңге болып, өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 4,8% өсім көрсетті. 

Дереккөз: Капитал

22.09.2021