Теңгенің девальвациясы туралы талқылаулар соңғы уақытта бәсеңдеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы қазақстандық ақша бірлігінің бағамы күрт өзгермейтіні жөнінде мәлімдеді. Сонымен қатар, экономист Олжас Худойбергенов белсенді түрде қолдап жүрген теңгенің кепілдемесін енгізу мүмкіндігі бар. Nur.kz тілшісі АҚШ долларын теңгеге ауыстыруды шешкендерге арналған депозиттерге шолу жасады.
Қазақстанда теңгелік өтімділік қысқарғандықтан, банктер халықтан ақшалай қаражатты белсенді түрде тарта бастады. Олардың көпшілігі депозиттері бойынша сыйақының максималды мөлшерлемесін – 10% (немесе 10,5% тиімді) белгіледі. Бірақ, мұндай депозит түрлерінде әрдайым ішінара алу мүмкіндігі бола бермейді – бұл кейде тиімді сатып алу немесе басқа шұғыл шығыстарға жұмасақтауға қажетті болады.
Сондықтан рейтингтің үш негізгі критерийі – сыйақы мөлшерлемесінің деңгейі, ішінара алу мүмкіндігі және төмендетілмейтін қалдықтың мөлшері (оның төмен болғаны жақсы). Кесте қазақстандық БВУ сайттарындағы ресми ақпарат негізінде жасалған, олар депозит шарттарын анық көрсетті.
Бірінші орын «Нурбанк» «Оптимальный» депозитімен иемденді. Оның шарттары ең қарапайым және әділ деп атауға болады: сыйақының максималды мөлшерлемесі және төмендетілмейтін қалдықтың төмен мөлшері (5000 тенге). Егер депозит 31 күннен ұзақ болса, және оның иесі ақша алуды шешсе, онда ол депозиттің нақты жұмыс істеген әр күніне сыйақы алады.
Екінші орғын АзияКредит Банк «Үздік таңдау» депозитімен алды. Сыйақы мөлшерлемесі мен төмендетілмейтін қалдық мөлшері «Нурбанктегі» секілді. Алайда иесі ақшаны алдын ала алу туралы шешім қабылдаса, онда ол әрбір күні үшін емес, депозиттің толық айы үшін ғана сыйақы алады.
Мысалы: депозит ашылғаннан кейін 50 күн өткен соң салымшы ақша алуды шешсе, онда АзияКредит Банкте ол 30 күнге (толық ай) сыйақы алады, ал Нурбанкте – барлық 50 күнге.
Үшінші орын Евразийский банктің Turbo депозитімен. Онда сондай-ақ сыйақының максималды мөлшерлемесі бар, бірақ төмендетілмейтін қалдықтың мөлшері сәл көбірек – 7000 тенге. Бірақ банк осыған қосымша CashBack функциясы бар картасын сыйлайды. Оның мәні мынада, картамен төлем жүргізсеңыз банк әр транзакциядан 0,5% шотқа қайтарады. Мысалы, сіз үйге 100 мың тенгеге жиһаз сатып алып, картамен төлесеңіз, банк сізге шотқа 500 тенге қайтарады. Бұл ұсақ-түйек, бірақ жағымды. Ал электронды төлемдер көп болса – өтемдер де сәйкесінше артады.
Төртінші орын Сбербанктың «көбейе бер» депозитіне берілді. Сыйақының максималды мөлшерлемесі, ал төмендетілмейтін қалдық мөлшері 15 мың тенге. Сбербанктегі кіріс кем дегенде 36 айға есептелгенін атап өтейік.
Бесінші орынды Банк ЦентрКредит иемденді. Сонымен қатар сыйақының максималды мөлшерлемесі, ал төмендетілмейтін қалдық мөлшері 40 мың тенгеге дейін артады.
Алтыншы орын АТФ. Оның шарттары да БЦК-дағы сияқты (ЖЕЗО – 10,5%, төмендетілмейтін қалдық – 40 мың тенге). Алайда АТФ төменірек тұр, себебі БЦК-да сыйақы нақты күндердің санына есептеледі деп жазылған, ал АТФ-те ондай шарт жазылмаған, бұл дегеніміз сыйақы тек толық айлар үшін есептелуі мүмкін деген болжам жасауға мүмкіндік береді.
Сыйақының максималды мөлшерлемесі бар банктер тізімін «Халық банкі» «Универсальный» депозитімен аяқтайды. Ондағы төмендетілмейтін қалдық мөлшері алдыңғы орын алған банкілерден 15 есе көп – 75 мың тенге. Және де шарттарында жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖЕЗО) жоғары болғанымен (10,6%), ол көрсеткіш күмән тудырады. БВУ депозиттер бойынша мөлшерлемелерді Ұлттық Банктің белгіленген шегінен жоғары қоймайды. Сондықтан артық ондық пайызға сенім артуға негіз жоқ, әсіресе оның алынған орны шарттарда жазылмаса.
Сегізінші орыннан он бірінші орынға дейін ЖЕЗО төмендеуіне қарай бөлінген: Альфа Банк — 9,5%, ВТБ – 9,4%, Казком – 8,8% және Цеснабанк – 7,2%.