Nurbank және Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы (бұдан әрі – ЖТИжО) тұрақты даму, ESG және жасыл қаржыландыру саласында стратегиялық серіктестікті талқылау үшін жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесудің негізгі бағыты - банктің Жасыл климаттық қорда (Green Climate Fund, GCF) аккредитация алуы болды, бұл климаттық жобаларды қолдаудың ең ірі халықаралық құралдарының бірі болып табылады. Қор жасыл энергетиканы дамытуға, энергия тиімділігін арттыруға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобаларды қолдайды. GCF-де аккредитация алу Nurbank-ке декарбонизация, жасыл энергетика және Қазақстандағы басқа экологиялық маңызды бастамалар саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында ЖТИжО аккредитацияға дайындықтың барлық кезеңдерін қамтамасыз ететін техникалық және сарапшы серіктес ролін атқаруға дайын екенін растады. Орталық қызметтердің толық спектрін ұсынады: тұрақты даму критерийлері бойынша қажетті құжаттаманы әзірлеуден бастап жобаларды бағалауға дейін, жасыл облигацияларды шығару бойынша кеңестері мен халықаралық климаттық платформаларға қосылуды қамтиды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аккредитацияға дайындықтың негізгі қадамдарын анықтап, ESG саласындағы алғашқы пилоттық жобаларды іске қосу жоспарын әзірлеуге кірісу туралы келісімге келді.
«Nurbank-тың ESG бағытына стратегиялық назары өте маңызды және жасыл экономиканы ілгерілету және климаттық бастамаларды қолдау үшін тұрақты серіктестіктің үлкен әлеуетін көріп отырмыз», - деп атап өтті ЖТИжО басқарма төрағасы Сәкен Калкаманов.
«Nurbank жүйелі түрде ESG бағытында дамып келеді. GCF-де потенциалды аккредитация алу бізге Қазақстанда жасыл жобаларды қолдау үшін халықаралық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде біз энергия тиімділігі, ресурстарды үнемдеу, климаттың өзгеруіне бейімделу және қоршаған ортаға әсерді азайтуға байланысты бастамаларды қаржыландырамыз. Жасыл экономика жобаларын несиелендіру – банктің басымдықтарының бірі», - деді Nurbank басқарма төрағасы Гульнара Мусатаева.
Соңғы бес жыл ішінде Nurbank экологиялық тәуекелдерді азайтуға және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға бағытталған жобаларды қолдап келеді. Қаржылық оператор ретінде Nurbank Жетысу облысындағы Коксу өзенінде салынған Жоғарғы Талап ГЭС құрылысында қатысты.