Тендерге төмендегі қосымшаларда көрсетілген критерийлерге сай келетін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады:
Техникалық айырықшама мына қосымшада келтірілген:
1) тендерге қатысуға берілетін өтінімін;
2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
3) Мемлекет қайсыбір қызметпен (тауар/жұмыс/қызметтер сатып алу үшін лицензия керек қызметтер) айналысуға берген лицензиясының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын қоса) көшірмесін;
4) жеткізушінің өкілі - уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың куәландырылған көшірмесі;
5) жеткізуші уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін берген сенімхаты;
6) Жарғының көшірмесі;
7) компанияның уәкілетті тұлғасының сенімхаты;
8) компанияның бірінші басшысын тағайындау туралы шешім мен бұйрық;
9) ЖШС құру туралы шешімі, ЖШС бойынша хаттаманы тапсыру керек.
1) кемінде 12 айдағы баға ұсынысын;
2) қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасын;
3) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық мағлұмдамасының, мөрі бар болса, мөрімен расталған көшірмелерін;
4) үміткердің тіркелген жергілікті Салық комитетінің салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасын;
5) материалдық-техникалық базасының бар-жоғы туралы мәліметті;
6) Келісімшарт бойынша тауарды жеткізген кезде «Нұрбанк» АҚ есеп айырысу шоты арқылы өзара есеп айырысуға берген келісімінің растамасын тапсыру керек.
1) Техникалық айрықшама, жеткізу шарты, мерзімі.
2) Алматы қаласында өзінің сервистік орталығының не болмаса сервистік қолдау ұсыну жөніндегі және сервистік орталығының немесе өндіруші компанияның авторланған сервистік әріптесі екендігін растайтын құжаттардың болуы.
3) Тендерді өткізу сипатына, оның нәтижесіне қарамастан өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды Әлеуетті жеткізуші көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы ол шығыстар бойынша өзіне міндеттеме алмайды.
Өз жағымыздан айтарымыз, Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға қатысты ақпаратты қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге не болмаса тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға құқылы емес.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспайтын болса, оның қатысуынсыз өткізіледі.