«Нурбанк» АҚ бас кеңсесі үшін телефон жабдығын сатып алу

«Нурбанк» АҚ бас кеңсесі үшін телефон жабдығын сатып алу

Тендер түрі:
Ашық
Өткізілетін күн:
08.05.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
18:00
Алматы қ., Абай даңғылы, 10В,
3-қабат, 310 кабинет
25.04.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинау

Срок до:
06.05.2025
Время до:
12:00
Адрес:
Абай д-лы 10Б, 204 кабинет (кеңсе)

Автоматтық телефон стансасының (АТС) бағдарламалық-аппараттық кешені (БАК), топтама

Техникалық сипаттамаға сәйкес АТС-тың төрт мамандардырылған сервері

Техникалық сипаттамаға сәйкес ISDN PRI E1 сыртқы шлюздері

Техникалық сипаттамаға сәйкес топтамада path cord-пен 1-дәрежелі  IP SIP телефон аппараттары

Техникалық сипаттамаға сәйкес топтамада path cord-пен 2-дәрежелі  IP SIP телефон аппараттары

Техникалық сипаттамаға сәйкес SIP аппаратты кеңейту консольдері

Тендерге қатысу үшін қызмет көрсететін әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар

Тендерге «Жеткізушілерге қойылатын талаптар» №4 Қосымшасында көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Техникалық сипаттама №1 Қосымшада «Техникалық сипаттама» көрсетілген.

Тендерге берілген өтініштерді бағалаудағы өлшемдер
  1. Әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сай келуі
  2. Тендерге берілген өтінішінің тендерлік құжаттаманың техникалық айрықшамаларына сәйкес келуі
  3. Ұсынылған баға
  4. Төлем шарты
  5. Жабдықты жеткізу мерзімі 

Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар пакеті

Заңдық құжаттар
  1. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеуге тұрғаны туралы куәлік)  көшірмелері
  2. мемлекет лицензиялаған қандай да бір қызметті атқаруға берілген лицензиясының (егер сатылатын тауар/жұмыс/қызмет лицензиялануы тиіс болса) көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасымен)
  3. жеткізушінің уәкілетті тұлғасының – өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  4. жеткізушінің уәкілетті өкіліне Тендерге қатысуына берген сенімхаты
Қаржылық құжаттар
  1. кемінде 12 айға арналған баға ұсынысы
  2. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында  мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы
  3. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, заңды тұлғаның бір жылдық қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке тұлғаның салық декларациясының  көшірмелері
  4. жеткізушінің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінен алынған  салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
  5. материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет
  6. Келісімшарт бойынша жеткізген кезде өзара есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ-дағы банктік шот арқылы жүргізу туралы келісімнің растамасы
Басқа құжаттар
  1. Тендерге қатысуға берілетін өтініш
  2. Техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімі
  3. Алматы қаласындағы өзінің сервис орталығы туралы мәлімет немесе сервистік қолдау көрсету туралы және өндіруші компанияның авторизация алған сервистік серіктесінің  ресми құзыретін растайтын құжаттар
  4. Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет ұсынушының өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Құжаттама пакетін құру бойынша сұрақтар:

Коломийцев Владимир, Лузин Дмитрий

+7 (727) 2 500 000, вн. 5701, 5555
vkolomiitsev@nurbank.kz, dluzin@nurbank.kz

Қатысушылардың өтінімі

№2 Қосымша