Кешенді енуді тексеру (Penetration Test) қызметтерін сатып алу

Кешенді енуді тексеру (Penetration Test) қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
Ашық
Өткізілетін күн:
07.08.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай даңғылы, 10В
3 қабат, 310 кабинет
24.07.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинақтау

Мерзімі:
06.08.2025
Уақыты:
12:00-ге дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы, 10В, 204-кабинет

Тендерге қатысу үшін қызмет көрсетуші әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар

Тендерге, тендер өткізілетін сәтте келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер) жіберіледі.

  • кәсіби құзыреті мен жұмыс тәжірибесі болуы, қызмет көрсету келісімшартына сәйкес міндеттерін орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуы керек
  • бұрын жасалған келісімшарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ тарабынан қойылған кінараттар болмауы
  • төлем қабілетінің болуы, жойылуы тиіс емес, мүліктері қамауға алынбаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауы тиіс
  • тендерге қатысуға өтініш берген сәтте және қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалған сәтте салықтар мен бюджетке төленуі міндетті төлемдер бойынша өз міндеттерін орындауы
  • Қазақстан Республикасының аумағында осалдық сканері лицензияларын сату және техникалық қолдау қызметін көрсету құқығын растайтын дистрибьютор берген растамалы құжаттар болуы тиіс

Техникалық айрықшамалар мен бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы №1 Қосымшада көрсетілген.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері
  1. әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сай келуі
  2. тендерге берілген өтінішінің тендерлік құжаттаманың техникалық айрықшамаларына сәйкес келуі
  3. ұсынылған баға
  4. төлем шарты
  5. лицензияларды жеткізу мерзімі

Тендерге қатысу үшін қажетті құжат пакеттері

Заңдық құжаттар
  1. тендерге қатысуға берілетін өтініш
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеуге тұрғаны туралы куәлік)  көшірмесі
  3. мемлекет лицензиялаған қандай да бір қызметті атқаруға берілген лицензиясының (егер сатылатын тауар/жұмыс/қызмет лицензиялануы тиіс болса) көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасымен)
  4. жеткізушінің уәкілетті тұлғасының – өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  5. жеткізушінің уәкілетті өкіліне Тендерге қатысуына берген сенімхаты
Қаржылық құжаттар
  1. 1 жылға ұсынған бағасы
  2. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында  мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы
  3. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, заңды тұлғаның бір жылдық қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық декларациясының  көшірмелері
  4. жеткізушінің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінен алынған  салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
  5. материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет
  6. Келісімшарт бойынша жеткізген кезде өзара есептерді «Нұрбанк» АҚ-дағы банктік шот арқылы жүргізуге берген келісімнің растамасы
Басқа құжаттар
  • техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімі
  • Әлеуетті жеткізушіге арналған, өндіруші компанияның авторизациялаған хаты және онда келесі мәліметтердің болуы:
    • жүйеге кірген кезде қолданушыларды кіру кезінде пайдаланушыларды анықтау және аутентификация жасау жүйесін тарату және кепілдендірілген қызмет көрсету құқығын растайтын құжаттармен бірге,Қазақстан Республикасы аумағында лицензияланған қамтама бағдарламасын таратуға/оған техникалық қолдау көрсету құқығын растайтын құжаттармен бірге
    • Алматы қаласында немесе өңірлерде ұсынылып отырған жабдықтарға кепілдендірілген қызмет көрсету орталығының немесе сервис-серіктестің бар екені туралы мәліметтер (атауы, мекенжайы, байланыс мәліметтері көрсетілсін)
  • Әлеуетті жеткізуші нарықта 2 жылдан кем емес мерзімде жұмыс істеуі тиіс
  • Жүйе Жеткізушінің мекенжайына толық көлемде бір мезгілде жеткізілуі тиіс
  • Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтіні немесе кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын жібере отырып, тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы.  

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Байланыс тұлғасы: Буралкиев Алмат Амзежанович, +7 (727) 250 00 00, ішкі 4001, aburalkiev@nurbank.kz

Қатысуға өтінім