Тендерге:
көрсетілген талаптарға сай келуі тиіс заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер) жіберіледі.
Біз өз тарапымыздан Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін атаймыз
«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдерді берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің күшін жою немесе тендерді өткізудің жаңа күнін көрсете отырып, кейінге қалдыратыны туралы жазбаша хабарлама (электрондық) беру арқылы тендерді тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқылы
Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы
Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлға тендерге қатыспаған кезде, оның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Байланысушы тұлға: Ни Андрей, +7 701 786 0460, ani@nurbank.kz