Қауіпсіздік жүйелерін бақылау және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер мен жұмыстарды сатып алу

Қауіпсіздік жүйелерін бақылау және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер мен жұмыстарды сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
18.09.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
15:30
Алматы қ., Абай даңғ., 10В
3-қабат, 310-кабинет
11.09.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинау

Мерзімі:
17.09.2025
Уақыт
12:00
Мекенжай:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет, іс жүргізу бөлімі

Келесі қызметтерді/жұмыстарды сатып алу бойынша ашық тендер жариялаймыз:

- осы хабарландыруға №1 мен №2 қосымшаларда баяндалған талаптарға сәйкес «Нұрбанк» АҚ объектілерінде күзет-дабыл және өрт дабылдамасы құралдарына мониторинг жүргізу»;

- осы хабарландыруға №3 пен №4 қосымшаларда баяндалған талаптарға сәйкес «Нұрбанк» АҚ объектілеріндегі қауіпсіздік жүйелеріне техникалық қызмет көрсету».

Тендерге осы хабарландырудың №1,2,3,4 қосымшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келген заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер) жіберіледі.

Тендерге берілген өтініштерді бағалаудағы өлшемдер
  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сай келуі
  • тендерге берілген өтінішінің тендерлік құжаттаманың техникалық сипаттамаларына/талаптарына сәйкес келуі
  • ұсынылған баға
  • төлем шарты: нақты көрсетілген қызметтерге.

Тендерге қатысу үшін құжаттардың келесі топтамаларын тапсыру қажет

Заңдық құжаттар
  1. белгіленген үлгідегі Тендерге қатысуға берілетін өтініш
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің немесе анықтаманың немесе жеке кәсіпкердің  тіркелгені туралы куәліктің/жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламаның көшірмелері
  3. белгілі бір қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттың, лицензияның  көшірмелері (рұқсат қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда салыстыру үшін түпнұсқасы) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет жасауға рұқсат алу талап етілсе) немесе хабарламаларды,  мемлекеттік электрондық реестрден рұқсаттар мен Үміткер жіберген хабарлама туралы хабарландыруларды қабылдайтын мемлекеттік орган берген аталған құжаттардың көшірмелері (сатып алынатын тауарлар/жұмыс/қызметтер бойынша қызмет хабарламаны жіберуді талап етсе)
  4. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, Үміткердің банктік деректемелерін, Үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін, ақша қаражатын басқаруда шектеу жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы; жеткізушінің уәкілетті тұлғасының – өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  5. заңды тұлғаның уәкілетті органының атқарушы органды (басшыны) сайлау (тағайындау) туралы шешімі, құжаттың нотариалдық түрде расталған көшірмесі
Қаржылық құжаттама
  1. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, заңды тұлғаның соңғы есептік кезеңдегі қаржы есептілігінің, жеке, кәсіпкерлік қызметімен айналысатын тұлғалар салық декларациясының  көшірмелерін тапсыруы тиіс;
  2. Үміткердің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінен алынған  салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
  3. бұрын Үміткермен ынтымақтаса жұмыс істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ынтымақтастық тәжірибесіне берген  бағалары мен сипаттамаларын қамтитын, оның ішінде міндеттемелердің уақтылы орындалуы, толық орындалуы және т.б. ұсынымдары енген ұсыныстары мен пікірлерінің түпнұсқасы немесе көшірмелері (бар болса);
  4. үміткерлің ЭСП-ға тiркелгенi туралы мәлiметтер (болған жағдайда);
  5. материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда);
  6. уәкілетті тұлға – Үміткер өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. үміткердің уәкілетті тұлғаға Тендерге қатысуға берген сенімхаты;
  8. ұсынған бағасы;
  9. тендерге дейінгі 2 (екі) жылдағы Корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмесі. Алдыңғы екі жылдағы салық есебінде шығындар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың/қызметтің бағасының негіздемесін тапсыруы тиіс (кейін халықаралық іскерлік операцияның нысаны болатын тауар/жұмыс/қызмет сатылымдары бойынша);
  10. тендерлік комиссияның шешіміне сәйкес өзге де құжаттар.   
Басқа құжаттар
  1. Осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес филиалдық желінің бар-жоғы туралы ақпаратты (тағайындау туралы бұйрық, мекенжай, өкілдің байланыс деректері) көрсетсін;
  2. Бар болған жағдайда «Қазақстан Республикасының аумағындағы ірі табысты жобалар» ұсыныстарын беріңіз.
  3. Жобалау қызметіне лицензия, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензия, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына куәлік, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстармен жұмыс істеуге рұқсат.

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтіні немесе кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын (электрондық) жібере отырып, тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы.  

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, әлеуетті жеткізуші сұратылған құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде searenov@nurbank.kz электрондық поштасына жіберуі тиіс.  

Аренов Сергей Амангельдиевич,  +7 (727) 259 9710, ішкі нөмері 4610,  searenov@nurbank.kz

Қатысуға өтінім