Хат-хабарларды, сәлемдемелер мен жүктерді жеткізу қызметтерін сатып алу

Хат-хабарларды, сәлемдемелер мен жүктерді жеткізу қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
19.02.2026
Тендердің басталуы:
14:00
Сауда аяқталуы:
18:00
Алматы қ., Абай даңғылы, 10В
3-қабат, 310-кабинет
11.02.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
11.02.2026
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар

  • Тендерге қатысу өтінімін беру және жеткізу туралы келісімшарт жасалатын күндері өзінің салық пен бюджетке төленуі тиіс басқа міндетті төлемдерді төлеу міндеттемелерін орындаған тұлға болуы тиіс
  • Төлеу шарты: қызмет көрсетілген айдан кейінгі айдың ішінде жүргізу
  • «Есіктен есікке дейін жеткізу» қағидаты бойынша жіберілімдерді Тапсырыс берушімен келісілген уақытта қабылдап алып, келесідей бағыттар бойынша жеткізу:
    • қала іші
    • Қазақстан Республикасының аумағы
    • ТМД елдері мен алыс шетел
  • Жіберілімдерді қамтамасыз ету бойынша келесідей қосымша қызметтерді көрсету:
    • шабарманды тегін шақыру;
    • ақысыз негізде арнайы орамамен (қағаз, полиэтилен, ауамен толтырылған пакеттер) қамтамасыз ету;
    • жіберілімнің нақты әрі көлемдік салмағын өлшеуге арналған еденге орнатылатын таразыны ақысыз негізде орнату;
  • Жіберілім жеткізілгені туралы ақпаратты Тапсырыс берушіге ақысыз негізде телефон арқылы беруге;
  • Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша жіберілім жеткізілгені (хабарламаның түпнұсқасы) растамасын ақысыз негізде ұсыну;
  • Жеткізудің кепілдемелік мерзімі күнмен есептегенде (Экспресс – 2, Эконом – күнтізбелік күнге дейін);
  • Қазақстан Республикасының аумағындағы қалаларда өз өкілдіктерінің болуы;
  • Құжатты шұғыл жіберу қажеттілігі туындаған жағдайда шабарманды қайтадан шақыртқан кезде шабарманды тегін жұмсау;
  • Пошта-курьерлік қызметтер нарығында кемінде бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы.

Пошта-курьерлік қызметтердің техникалық айырықшамалары мен іріктеу өлшемдері осы хабарламаның №1 және №2 Қосымшаларында келтірілген.

Заңдық құжаттар
  1. Осы хабарламаның №3 Қосымшасында белгіленген нысанда жазылған тендерге қатысу өтінімін;
  2. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
  3. Мемлекет қайсыбір қызметпен (тауар/жұмыс/қызметтер сатып алу үшін лицензия керек қызметтер) айналысуға берген лицензиясының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын қоса) көшірмесін;
  4. жеткізуші уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін берген сенімхатын;
  5. директорды тағайындау туралы шешімнің және бұйрықтың көшірмесін (мөрімен, қолтаңбасымен) тапсыру керек
Қаржылық құжаттар
  1. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасын
  2. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық мағлұмдамасының, мөрі бар болса, мөрімен расталған көшірмелерін
  3. жеткізушінің тіркелген жергілікті Салық комитетінің салық төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасын
  4. Бұрын жеткізушімен ынтымақ құрған заңды тұлғаларды/жеке кәсіпкерлердің  міндеттемелердің толық уақтылы орындалуын қоса, ынтымақтастық тәжірибесін бағалауы мен сипаттамасы қамтылған пікірлері мен ұсыныс хаттарының (болған жағдайда) көшірмелері
  5. баға (коммерциялық) ұсыныстары
  6. Тендер өткізу алдындағы 2 (екі) жылдың корпоративтік табыс салығы бойынша мағлұмдамасын беруі керек. Алдынғы екі жылда салық есебінде шығындар болған кезде қатысушы (келешекте халықаралық іскерлік операциялардың мәнісі болып табылатын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу бойынша) ұсынылатын тауардың/қызметтің уәжді бағасын ұсынуы керек
Басқа құжаттама
  1. тендерге қатысуға өтінім
  2. техникалық айырықшама, жеткізу шарты мен мерзімі
  3. Қазақстан Республикасының аумағында техникалық қолдау қызметін көрсету құқығын растайтын IBM QRadar SIEM және SOAR өндірушісі берген авторландыру хаты

Әлеуетті жеткізушінің нарықтағы тәжірибесі кемінде 2 жыл.

Жеткізілім толық көлемде Тапсырыс берушінің мекенжайына жеткізілуі тиіс.

Тендерді өткізу сипатына, оның нәтижесіне қарамастан өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды Әлеуетті жеткізуші көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы ол шығыстар бойынша өзіне міндеттеме алмайды.

Өз жағымыздан айтарымыз, Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға қатысты ақпаратты қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге не болмаса тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға құқылы емес.

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендер өткізілмейтіні, өткізілетін жаңа күнін көрсете отырып, тендер басқа күнге қалдырылғаны туралы хабарлай отырып, тендерді кейінге қалдыруға немесе өткізуден бас тартуға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспайтын болса, оның қатысуынсыз өткізіледі.

 

Байланыс орнататын тұлға:

Морозов Владимир Владимирович

Тел.+7 (727) 250 00 00, ішкі 5385

VMorozov@nurbank.kz

№1 Қосымша

Қатысуға өтінім