Поштаны қорғау жүйесін (EmailSecurityGateway, ESG) сатып алу

Поштаны қорғау жүйесін (EmailSecurityGateway, ESG) сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
05.03.2026
Тендердің басталуы:
14:00
Сауда аяқталуы:
18:00
Алматы қ., Абай даңғылы, 10 "В
3 қабат, кабинет 310
19.02.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
04.03.2026
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар

Тендерге, ол өткізілетін кезге, келесідей талаптарға сай келетін заңды тұлғалар (қызметтерді әлеуетті жеткізушілер) қатыса алады:

  • Кәсіби біліктігі мен жұмыс тәжірибесі, жеткізу туралы келісімшартқа сәйкес міндеттемелер орындау үшін қажетті қаржы, материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс;
  • Осының алдында жасалған келісімшарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ тарабынан кінәрат-талаптары болмауы тиіс;
  • Төлемге қабілетті, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте таратуға жатпауға, оның мүлкіне тыйым салынбауы, қаржы-шаруашылық ісі тоқтатылмаған болуы тиіс;
  • Тендерге қатысу өтінімін беру және жеткізу/қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалатын күндері өзінің салық пен бюджетке төленуі тиіс басқа міндетті төлемдерді төлеу міндеттемелерін орындаған тұлға болуы тиіс;
  • Қазақстан Республикасының аумағында осал тұстарын сканерлеу лицензиясын сатуға және техникалық қолдау қызметін көрсету құқығын дистрибьютор берген құжаттамалы растамасын беруі тиіс.
Тендер өтінімдерін бағалау өлшемдері
  • Әлеуетті жеткізушінің жоғарыда көрсетілген өлшемдерге сәйкес келу;
  • Тендер өтінімдерінің техникалық құжаттаманың техникалық айырықшамасына сәйкес келу;
  • Ұсынған баға;
  • Төлеу шарты;
  • Жабдықты жеткізу мерзімі.
Заңдық құжаттар
  1. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін
  2. Мемлекет қайсыбір қызметпен (тауар/жұмыс/қызметтер сатып алу үшін лицензия керек қызметтер) айналысуға берген лицензиясының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын қоса) көшірмесін
  3. жеткізуші уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін берген сенімхатын
  4. директорды тағайындау туралы шешімнің және бұйрықтың көшірмесін (мөрімен, қолтаңбасымен) тапсыру керек.
Қаржылық құжаттар
  1. 1, 3 және 5 жылға баға ұсынысын;қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасын
  2. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық мағлұмдамасының, мөрі бар болса, мөрімен расталған көшірмелерін
  3. жеткізушінің тіркелген жергілікті Салық комитетінің салық төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасын
  4. материалдық-техникалық базасының бар-жоғы туралы мәліметті
  5. Келісімшарт бойынша жеткізу кезінде есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ-тағы есеп айырысу шоты арқылы жүзеге асыруға келісімінің растамасын тапсыру керек.
Басқа құжаттама
  • тендерге қатысуға өтінім
  • техникалық айырықшама, жеткізу шарты мен мерзімі
  • Қазақстан Республикасының аумағында техникалық қолдау қызметін көрсету құқығын растайтын ESG жүйесін өндірушісі берген авторландыру хаты
  • Әлеуетті жеткізушінің нарықтағы тәжірибесі кемінде 2 жыл.
  • Жеткізілім толық көлемде Тапсырыс берушінің мекенжайына жеткізілуі тиіс.

Тендерлік рәсімнің нәтижелері бойынша, Банк тендерлік құжаттаманың шарттарына, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық нормаларына сәйкес, өтінімдерді бағалау қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленген жеткізушімен пилоттық тестілеуді бастауға құқылы.

Егер пилоттық тестілеу нәтижелері бойынша аталған жеткізушінің шешімі Банктің жеке дара қалауы бойынша Банктің талаптарына, мақсаттары мен күтілімдеріне сәйкес келмесе, Банк тендерге қатысушылар алдында қандай да бір себептерді түсіндірмей және қандай да бір міндеттемелер туындатпай, тендер қорытындылары бойынша келесі орындарды иеленген жеткізушілермен пилоттық тестілеуді кезекпен бастауға құқылы.

Банк пилоттық тестілеудің көлемін, мазмұнын, тәртібін, мерзімдерін, бағалау критерийлерін және нәтижелерін дербес және өз қалауы бойынша айқындайды, сондай-ақ пилоттық тестілеуді кез келген кезеңде тоқтата тұруға, тоқтатуға немесе аяқтауға құқылы.

Банк тендерге қатысушылардың барлығымен пилоттық тестілеу жүргізуге міндетті емес және пилоттық тестілеу нәтижелері бойынша шешімі Банктің талаптарына сәйкес деп танылған кез келген қатысушыда кезең-кезеңімен іріктеуді тоқтатуға құқылы.

Пилоттық тестілеуді өткізу Банктің тендерге қатысушылардың кез келгенімен келісімшарт жасасу жөніндегі міндеттемесі болып табылмайды және Банкте жеткізушінің шешімін сатып алу, енгізу немесе одан әрі пайдалану жөнінде қандай да бір міндеттемелер туындатпайды.

Тендерге қатысушылардың өтінімдерді дайындауға және ұсынуға, тендерге қатысуға, пилоттық тестілеуді өткізуге, таныстырылымдарға, шешімдерді жетілдіруге немесе өзге де ілеспе әрекеттерге байланысты көтерген барлық шығындары қатысушылардың өздерімен дербес және өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Банк мұндай шығындар үшін жауапты болмайды және тендер мен/немесе пилоттық тестілеу нәтижелеріне қарамастан оларды өтеуге міндетті емес.

Тендердің түпкілікті жеңімпазы болып, пилоттық тестілеу нәтижелері бойынша шешімі белгіленген талаптарға ең жоғары деңгейде сәйкес деп Банк таныған жеткізуші, тендерлік рәсім қорытындылары бойынша қатысушылардың бастапқы реттілігіне қарамастан, танылады.

Тендерді өткізу, пилоттық тестілеу жүргізу және түпкілікті жеңімпазды айқындау шеңберінде қабылданған Банктің шешімдері түпкілікті болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес қабылданады және Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта қаралуға жатпайды.

Өз жағымыздан айтарымыз, Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға қатысты ақпаратты қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге не болмаса тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға құқылы емес.

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендер өткізілмейтіні, өткізілетін жаңа күнін көрсете отырып, тендер басқа күнге қалдырылғаны туралы хабарлай отырып, тендерді кейінге қалдыруға немесе өткізуден бас тартуға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспайтын болса, оның қатысуынсыз өткізіледі.

 

Байланыс орнататын тұлға:

Морозов Владимир Владимирович

Тел.+7 (727) 250 00 00, ішкі 5385

VMorozov@nurbank.kz

Қатысуға өтінім