Операциялық кассир

Операциялық кассир

Атырау
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

    1. Клиенттерге сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
    2. Банк Клиенттерінен қолма-қол ақшаны қабылдау, қайта санау, беру, айырбастау және айырбастау операцияларын банктің кассалық құжаттарына сәйкес жүргізу;
    3. Кассалық құжаттарды Банктің операциялық күн жүйесіндегі деректермен салыстыру және растау;
    4. Клиенттердің (жеке тұлғалар) ағымдағы шоттарына/талап етілген шоттарға ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша кіріс кассалық құжаттарды банктің операциялық күн жүйесінде құру;
    5. Банктің операциялық күні жүйесінде «НұрЭкспресс» аударымдарын жүргізу бойынша кіріс/шығыс кассалық құжаттарды құру;
    6. Шот ашпастан, Клиенттерден коммуналдық, салықтық, кедендік және басқа төлемдерді қабылдау және жүргізу;
    7. Құжатталған кассалық операцияларға сәйкес салым кітапшалары мен басқа құнды қағаздарды Клиенттерге беру;
    8. Қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын заңнама және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізу;
    9. Қолма-қол шетел валютасын сатып алу/сату операцияларын уақтылы кассалық бақылау аппараты арқылы тіркеу және т.б.

Білімі:

жоғарғы/аяқталмаған жоғарғы/арнайы орта білім;

Жұмыс тәжірибесі:

ЕДБ-ның, өзге де ұйымдардың кассаларындағы, бухгалтерлік бөлімшелеріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 6 (алты) ай немесе «Нұрбанк» АҚ-да оқудан (тағылымдамадан) 10 күннен 1 (бір) айға дейінгі мерзімде өткен жағдайда, жұмыс тәжірибесі талап етілмеуі мүмкін.

Лауазымдық міндеттерін атқаруына қажетті жалпы ілімдер/біліктер:

  • Компьютерде жұмыс істеу біліктілігі, MS Office стандартты пакетінің негізгі бағдарламаларын (қолданушы) білу;
  • Іскерлік қарым-қатынас орнату әдебі жайлы біліктілігі;  
  • сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу дағдысы;

Тілдерді білуі:

  • Мемлекеттік;
  • Орыс;

Ағылшын – қажет болған кезде.

23.02.2026
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз