Міндеттері:
- Кредиттік досьенің толықтығы мен дұрыс жасалғанын тексеру, нормативтік-құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА), Банктің ішкі нормативтік құжаттарының (бұдан әрі – ІНҚ) және Банктің уәкілетті органының талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;
- Кредиттік келісімшарттар/кепілдік және кепілзаттық келісімшарттарды Банктің ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АЖ) енгізген кезде толық және дәл ақпаратты көрсету, келісімшарттың шарттарына өзгерістер енгізу немесе өзгерістер енгізуді бастау;
- «Тауарлық кредит» өнімі (қажет болған жағдайда) бойынша кредит беруді АЖ арқылы қол режимінде жүргізу;
- «Тауарлық кредит» өнімі бойынша қарыздар жөніндегі ақпараттық жүйеде (АЖ) кредиттік келісімшарттағы алаңдарды түзету (қажет болған жағдайда);
- Тауарлық кредиттеу шеңберінде қарыздар қолмен режимде берілген жағдайда, сондай-ақ олар бойынша кредиттеу шарттарына өзгерістер енгізілген кезде Банктік операцияларды есепке алу департаментінің Бөлшек сауда қарыздарын есепке алу басқармасына хабарламалар жолдау (қажет болған жағдайда);
- Қарыз, кепілдік, кепілзаттық қамтама келісімшарттарының және олардың қосымша келісімдерінің ресімделуінің дұрыстығын уәкілетті органдардың шешімдеріне және/немесе қарыздың (өнімнің) шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру.
Білімі:
- экономика/қаржы/техника/заң/математика салаларындағы жоғарғы білім;
- экономика/қаржы/техника/заң/математика салаларындағы аяқталмаған жоғарғы білім (ЖОО сырттай оқу бөлімінің 4-5 курсы);
- экономика/қаржы/техника/заң/математика салаларындағы арнайы орта білім.
Жұмыс тәжірибесі:
- банк немесе қаржы құрылымдарындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 6 ай банк немесе «Нұрбанк» АҚ-да оқудан (тағылымдамадан) кемінде 1 (бір) ай өткен жағдайда, жұмыс тәжірибесі талап етілмеуі мүмкін.