АО «Нұрбанк» білім беру кредиті | Қазақстанның ЖОО-ларында оқуға кредит

Білім беру кредиті

Қазақстан Республикасының ЖОО-ларында білім алу ақысы үшін кепілсіз кредит
Өтінім беру
Білім беру кредиті

Артықшылықтары

Кредит беру ыңғайлы мерзімдері
Негізгі қарызды оқу орнын толық аяқтағанға дейін және оқу аяқталғаннан кейін 6 айға дейін өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі
Мораторий және айыппұлдарсыз мерзімінен бұрын өтеу
Мерзімінен бұрын өтеу комиссиясы: 0 ₸
Қарыз алуға өтініш пен құжаттарды қарастыру алымы: 0 ₸

Несие шарттары

Мақсатты бағыты Қазақстан Республикасының аумағында білім беру қызметін жүзеге асыратын ЖОО-ларда (бакалавриат) оқуды төлеу*. Оқу түрі – күндізгі/сырттай/қашықтықтан
Валюта KZT
Сомасы оқу құнының есебінен анықталады, бірақ 5 000 000 ₸ аспайды
Мерзімі 6-дан 120 айға дейін
Қамтамасыз ету "Қаржы орталығы" АҚ кепілдігі
Жеңілдікті кезең негізгі қарызды қайтаруды оқуды толық аяқтағанға дейін және оқу аяқталған күннен бастап 6 айға дейін кейінге қалдыру, пайыздар төлеу бойынша кейінге қалдыру қарастырылмаған
Несиені ұйымдастыру комиссиясы транш сомасынан 1,5% + 4 000 ₸
Несиені ұсыну

әр семестр үшін ашық несиелік желі аясында ВУЗ шотына аудару арқылы транштармен

Құжаттар тізімі

жеке куәлік**

* Caspian University университетін қоспағанда ("Каспий Қоғамдық Университеті" Білім беру мекемесі)

**Банк қосымша құжаттар сұратуға құқылы

Сыйақы мөлшерлемелері

Жылдық сыйақы мөлшерлемесі Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі
Комиссиялармен 20% 22,2% - 25,3%
Комиссиясыз 30,4% 35,0%

Сыйақы мөлшерлемелері Активтер мен пассивтерді басқару комитетінің шешімімен бекітілген (хаттама №147-1, 22.11.2024 ж.)

Қарыз алушыларға қойылатын талаптар

Жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары
Қарыз алған кезде 16 жасқа толған адамдар

Оқу үлгеріміне қойылатын талаптар

ҰБТ/КТ нәтижесі бойынша 70 балдан төмен емес
Ағымдағы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша 5 баллдық жүйемен 3,75 төмен емес
GradePointAverage (GPA) 2,00 баллдан төмен емес
Кредиттік жүйе бойынша жиналған ағымдағы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша 65 баллдан төмен емес
Кредит өтінімін қарастыруға арналған минималды құжаттар пакеті
  1. Жеке куәлік
  2. Оқу келісімшарты және оқу қызметінің құнын, нақты мекенжайын және ЖОО деректемелерін көрсететін анықтама / шот-фактура
  3. Үлгерімді растайтын құжаттар:
    • түскен талапкерлер үшін - ҰБТ/КТ сертификаты (түпнұсқа/нотариалды куәландырылған көшірме)

    • арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түскен талапкерлер үшін – ҰБТ/КТ сертификатының көшірмесі (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және арнайы (шығармашылық) емтихандардың нәтижелері

    • оқып жатқан студенттер үшін - транскрипттің түпнұсқасы немесе мамандығын, курсы мен оқу түрін көрсететін орташа үлгерім туралы жоғары оқу орны берген анықтама

    • жоғары білімі барлар үшін – жоғары білім туралы диплом және оған қосымша немесе қабылдау емтихандарының нәтижелері (түпнұсқа / нотариалды куәландырылған көшірме)

    • техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білімі бар қысқартылған мерзіммен оқуға түсетіндерге арналған кешенді тестілеу сертификатының көшірмесі (түпнұсқа / нотариалды куәландырылған көшірме)
  4. Әскери қызметшілер үшін:
    • соңғы 6 айдағы табысты растайтын құжаттар
    • қызметтік куәлік
    • соңғы 6 айдағы банк шотынан үзінді
  5. Кәмелетке толмағандар үшін – заңды өкілдердің кредит рәсімдеуге келісімі

Алдын ала ай сайынғы төлемді есептеңіз

ай
Алдын ала ай сайынғы төлем
0
Жылдық сыйақы мөлшерлемесі
0
Артық төлем мөлшері
0

Бұл есептеу сіздің несиелік айлық шығындарыңызды бағалау үшін шамамен жасалған және несиені беру міндеттемесі емес

Банк қарызы бойынша міндеттемелерді орындамау жағдайындағы «Нурбанк» АҚ құқықтары мен қарыз алушының жауапкершілігі туралы хабарлама

Банк қарызы туралы келісім бойынша қарыз алушының міндеттемелерін бұзу және Банктің қарыз шарттары туралы хабарламасынан туындайтын талаптарды орындамау кезінде Банк келесі шараларды қолдануға құқылы:

  • банк қарызы келісімінде қарастырылған тұрақсыздық айыппұлдарын (штрафтар, өсімпұлдар) қолдану;
  • қарыз алушының ақшасын кез-келген валютада келісім бойынша қарызы бойынша төлеуге ықтиярсыз тәртіпте алу (негізгі қарыз, сыйақы, тұрақсыздық айыптары (өсімпұлдар, штрафтар), банк шығындары және басқа төлемдер, соның ішінде Банкте ашылған шоттардан тура дебеттеу арқылы және/немесе басқа банктерде немесе қаржылық ұйымдарда ашылған қарыз алушының шоттарына талап ету арқылы Банктің төлем талаптарын қою арқылы, құқықтық актілеріне сәйкес) және/немесе
  • банк қарызы келісімі бойынша қарыз бойынша талаптарды сотқа тапсыру арқылы жинау, сондай-ақ мүлікті сотқа дейінгі тәртіпте немесе сот тәртібінде жинау; және/немесе
  • сотқа дейінгі тәртіпте жинау мен реттеу үшін банк қарызы ашылған коллекторлық агенттіктерге беру; және/немесе
  • банк қарызы келісімі бойынша талаптарды үшінші тұлғаларға келісімсіз беру, Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарын ескере отырып; және/немесе
  • банк қарызы келісімін орындаудың шарттарын, келісім шартында белгіленген тәсілдермен өзгерту; және/немесе
  • қарыз бойынша қарызды өтеу міндеттемелерін, толықтай немесе Банктің анықтауы бойынша бөлігін, қоса алғанда банк қарызы келісімі бойынша барлық міндеттемелерді алдын ала орындауды, сондай-ақ Банк пен қарыз алушының арасындағы басқа келісімдер бойынша талап ету; және/немесе
  • қарыз алушыға несие беруден бас тартуға немесе несие беруді біраз уақытқа тоқтатуға біржақты сотқа жүгінбей-ақ тоқтатуға құқығы бар, қарыз алушыға бұл туралы банк хабарламаларын жібермей: және/немесе
  • банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелер мөлшерін толықтай қамтамасыз ететін мүлікті кепіл ретінде беруін талап ету; және/немесе
  • Қазақстан Республикасының заңдарымен және банк қарызы шартымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру.

Банк қолданатын жоғарыда аталған шаралардан шығатын жауапкершілікке қосымша, қарыз алушыға сондай-ақ залог нысандарын сақтандыру бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін, соның ішінде сақтандыру келісімін жаңарту немесе ұзарту міндеттемелерін орындауға байланысты айыппұл (штраф, өсімпұл) төлеуге міндетті, сонымен қатар банк қарызы келісімі шарттарына сәйкес мақсатталған несие қолдану бойынша міндеттерді және басқа ақшасыз міндеттерді бұзғаны үшін, сондай-ақ банк қарызы келісімін бұзуға және Банктің қарыздарды жинауға байланысты іс-шараларды жүзеге асыруына байланысты Банктің барлық шығындары толық көлемде өтеледі.

Егер қарыз алушы жеке тұлға болып табылатын болса, қарыз алушы банк қарызы келісімі бойынша міндеттемені орындау мерзімі өткен күннен бастап отыз күн ішінде Банкке келуге және/немесе жазбаша түрде немесе келісімде қарастырылған әдіспен қарызды орындау мерзімі кешіктірілгені туралы, кірістер және басқа расталған жағдайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын өзгерістер енгізу туралы өтінішін беруге құқылы, бұл Қазақстан Республикасы заңдарының 36-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет жөніндегі заңға сәйкес болады. Бұл жағдайда, жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы өтінішінің берілген күнінен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде банк жеке тұлға болып табылатын қарыз алушының ұсыныстарын қарастырады және жазбаша түрде немесе келісімде қарастырылған әдіспен жеке тұлға болып табылатын қарыз алушыны хабардар етеді:

  1. Келісім шарттарына енгізілген өзгерістерге келісу;
  2. Келісім шарттарын өзгерту туралы ұсыныстары;
  3. Өзгертуге бас тартуға байланысты осындай бас тартудың негізделмеген себептерін көрсету.

Банктің келісім шарттарын өзгертуден бас тарту шешімін алған жағдайда немесе келісім шарттарын өзгертуді өзара қабылдамау жағдайында, жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Банкке бір мезгілде хабардар ете отырып, банктен алынған шешім күнінен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде жүгінеді. Банк қарыз шарты бойынша төлемдер енгізу қажеттілігі туралы Банк талаптарын орындамау кезінде, соның ішінде төлем мерзімін өткізіп алу, банктер және банктік қызмет жөніндегі заңның 36-бабының 2-тармағына сәйкес, Банк жеке тұлға болып табылатын қарыз алушының банктік шоттарында бар ақшаға, осындай талап келісімде қарастырылған жағдайда, төлем талабын қою арқылы, ескертпестен алу құқына ие, бұл жерде заңмен шектеулер қарастырылған.

Егер банк талабы бойынша қарыз шартында көзделген төлемдерді қарыз алушы орындамаса, соның ішінде мерзімі өткен қарыз, сондай-ақ банктер туралы заңның 36-бабының 1-1 тармағында көрсетілген қарыз алушы - жеке тұлғаның құқықтарын жүзеге асыра алмаса немесе банк пен жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы арасындағы келіспеушілік болса, банктер туралы заңның 36-бабының 2-1 тармағына сәйкес банк борышты сотқа дейінгі тәртіпте жинауға және реттеуге коллекторлық агенттікке беруге немесе банктер туралы заңның 36-1-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғаға келісім бойынша құқықты (талапты) беру құқына ие, сонымен қатар, келісім бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап қоюға, сондай-ақ залогталған мүлікке (Қазақстан Республикасының ипотекаға қатысты заңымен қарастырылмаған жағдайларды қоспағанда) соттан тыс тәртіпте өндіріп алуға құқылы, немесе заңмен және/немесе келісіммен қарастырылған басқа құқықтар мен шараларды жүзеге асыруға құқылы.

Жиі қойылатын сұрақтар

Кредитті бекіту шешімін кім қабылдайды?

Кепілсіз несиелерді бекіту туралы шешімді Банктың автоматтандырылған жүйесі немесе уәкілетті алқалық орган қабылдайды. Банк менеджерлері мен қызметкерлері бұл процеске қатыспайды және шешімге әсер ете алмайды. Әр жағдайда шешім жеке қабылданады және сіздің кредиттік тарихыңыз бен төлем қабілетіңізге байланысты.

Кредиттің ай сайынғы төлемін төлеудің қандай жолдары бар?

Төлемді Nur24.kz мобильді қосымшасы арқылы, Нұрбанк терминалдарында, сондай-ақ Банктің бөлімшелеріндегі кассалар арқылы жүзеге асыруға болады.

Кепілсіз несие қандай мерзімге беріледі?

Ең аз мерзім — 12 ай, ең ұзақ мерзім — 60 ай.

Сыртқы қайта қаржыландыру арқылы қандай сомаға несие рәсімдеуге болады?

Сыртқы қайта қаржыландырудың максималды сомасы 7 000 000 теңгеге дейін.

Қазақстан Республикасының резиденті емес адамға кредит рәсімдеуге бола ма?

Қарыздар тек Қазақстан Республикасының резиденттері үшін қарастырылып, рәсімделеді. Банк тұруға ықтиярхаты бар Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға қарыз беру мүмкіндігін қарастырады.

Несие алу үшін ең төменгі ай сайынғы табыс қандай болуы керек?

Расталған кіріс кемінде 150 000 (жүз елу) мың теңге болуы керек. Әрбір нақты жағдайда шешім жекелей қабылданады және несие тарихының сапасына және төлем қабілетіңізге байланысты болады.

Мен несиені бірнеше ай бұрын төлеу үшін ақша сала аламын ба?

Иә. Бұл жағдайда өтеу төлемдер кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Несие алу үшін қандай құжаттар қажет?

Кепілсіз қарыздар бойынша:

  • Жеке куәлік. 

Кепілмен қамтамасыз етілген несиелер бойынша:

  • Жеке куәлік;
  • Кепіл құжаттары.

* Банк қосымша құжаттар сұратуға құқылы.

Несиенің алғашқы төлемі қай күнге келеді?

Несиенің алғашқы төлемінің күнін Nur24.kz қосымшасы арқылы және несие келісім шартының төлем кестесінде біле аласыз.

Несие бойынша мерзімінен бұрын (толық/жартылай) өтеуге комиссия (айыппұл) бар ма?

Жоқ, мерзімінен бұрын несиені өтеуге комиссия жоқ. Сонымен бірге, ішінара мерзімінен бұрын өтеу сомасы 3 (үш) айлық төлемдерден кем болмауы тиіс. Ішінара мерзімінен бұрын өтеу саны шектелмеген.

Мен несие қарызын мобильді қосымша арқылы мерзімінен бұрын төлей аламын ба?

Жоқ. Ол үшін банкінің кредит менеджеріне хабарласуыңыз қажет

Несие шарттарын өзгертуге өтінішті қалай беремін?

Несие шарттарын өзгертуге өтініш беру үшін несие менеджеріне хабарласуыңыз қажет.

Толық мерзімінен бұрын өтеуді қалай жүзеге асыруға болады?

Ол үшін алдын ала өтеу шарттары мен сомасын нақтылау үшін Банктің несие менеджеріне хабарласуыңыз қажет.

Төлем терминал арқылы жасалды, бірақ техникалық ақау болды және ақша шотқа түспеді. Не істеу керек?

Банктың ең жақын бөлімшесіне хабарласып немесе 2552 нөмірі бойынша Байланыс орталығына қоңырау шалу қажет. Техникалық ақау расталған соң және ақша кредит шотына есептелгеннен кейін, төлем кесте бойынша жабылады, айыппұл (бар болса) жойылады және оң кредиттік тарих сақталады.

Банктің тарифтерімен қалай танысуға болады?

Тарифтер

Кредит төлемін уақытында төлеуге қаражат жеткіліксіз болса, қанша сома төлеу қажет?

Ай сайынғы төлем сомасын Nur24.kz мобильді қосымшасынан, сондай-ақ несиелік келісімдегі төлем кестесінен біле аласыз.

Банк қарыз алушыға кешіктірілгені туралы қай уақытта хабарлайды?

Банк міндеттемелерді орындау кешеуілдеуінің және төлемдер енгізу қажеттілігінің туындағаны туралы ескерту жіберіп тұрады, бұл туралы банктік қарыз шартында көрсетілген тәсілмен кешіктерілмей, оның туындаған күнінен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей.

Егер мен ДБЗ бойынша төлемді уақытында өтемесем не болады?

Төлемнің кешіктірілуі Сіздің несие тарихыңызға теріс әсер етуі мүмкін. Несиеңізді уақытында өтуді ұмытпаңыз. Несие бойынша төлемнің кешіктірілуі кезінде Банк қолданыстағы банктік қарыз келісімінің шарттарына сәйкес айыппұлдар мен өсімпұлдар салады.

Егер менде кешіктіру пайда болса не істеуім керек?

Біз сізге кешіктірілген қарызды өтеуді ұсынамыз.

Телефон нөмірі/тіркеу мекенжайы/тұратын мекенжай өзгерсе не істеу керек?

Жеке деректеріңізді жаңартуыңыз қажет. Банк бөлімшесіне барыңыз немесе бұл туралы Банкке жазбаша хабарлаңыз.

Банк бөлімшелері

Кепілсіз несиені Nur24.kz арқылы онлайн ресімдеу мүмкін бе?

Жоқ. Қазіргі уақытта барлық несиелер Нұрбанк бөлімшелері арқылы ресімделеді.

Мен Нұрбанктен қайталама нарықтан жылжымайтын мүлік сатып ала аламын ба?

Иә, Нұрбанк екінші тұрғын үй сатып алуға арналған Банктің өз ипотекалық несие бағдарламасын ұсынады.

Кепіл мүлкінің бағасын кім белгілейді?

Кепіл мүлкінің бастапқы бағасын тәуелсіз бағалау ұйымдары жүргізеді. Қайталама бағалауды Банк филиалдарының бағалау қызметі тәуелсіз сарапшы жүргізген бағалаудың дұрыстығын анықтау үшін кепіл мүлкінің тұрған жеріне барып жүзеге асырады.

Мен басқа банктен алынған ипотеканы қайта қаржыландыра аламын ба?

Иә, Банк басқа банктердегі қарыздар бойынша қайта қаржыландыруды жүзеге асырады, егер несие бойынша төлем мерзімі кешіктірілмесе. Қайта қаржыландыру үшін жақын бөлімшеге жүгіну қажет.

Мен кепілсіз несиеге өтінімді қанша жастан бере аламын/несие ресімдеу үшін ең төменгі және ең жоғары жас?

21 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейін.

Нұрбанк арқылы көлікті несиеге ала аламын ба?

Иә, біздің Банк бірнеше автонесие бағдарламаларын ұсынады:

  • Серіктес автосалондарда жаңа автокөлік алу үшін;

  • Қолданылған автокөлік алу үшін.

Несие өтінішін қарау үшін Сізге Банк бөлімшесіне жүгіну қажет.