VSPS «Ақылы сервистер мен жазылымдар»

VSPS «Ақылы сервистер мен жазылымдар»

VSPS – (Visa Stop Payment Service API), Клиент тарабынан бақылауға арналған VISA карточкалары бойынша теңшелген Банктің жеке тұлғаларға арналған интернет-банкингте ақылы сервистер мен жазылымды бұғаттау/бұғаттан босату сервисі.

Картаны алғаннан кейін Клиент мерзімді түрде төлемдер жүргізеді және егер төлемдер тұрақты сипатта болса, ол қызметтерді/тауарларды жеткізушінің сайтында өз картасынан төлемді тұрақты мерзімді түрде автоматты түрде төлем жасау функциясын қоса алады.        Клиент мұндай төлем жасауларды әрдайым есте сақтай бермейді, алайда тұрақты төлем жасау жабылған карталарды қоса алғанда, үздіксіз негізде жүзеге асырыла береді. Осыны болдырмау мақсатында ақылы сервистер мен жазылымдар жобасы (Visa сервисі) енгізілді.

Процестің қысқаша сипаттамасы: Клиент VSPS арқылы Интернет-банкингте ақылы сервистер мен жазылымдардың тізбесін өз бетінше орнатуға және өзгертуге құқылы.

Ақылы сервистер мен жазылымды өшіру үшін Клиент:

  1. қажетті карточканы таңдауы;
  2. «Әрекеттер» тарауына кіруі;
  3.  ақылы жазылымдар тізімі автоматты түрде жүктелетін «Ақылы сервистер мен жазылымдар», тарауын таңдауы керек;
  4. «Белсенді» тарауына кіруі;
  5. Керек жағдайда кез келген жазылым бойынша төлем жасауға тыйым салуы қажет.

Бұл ретте барлық өшірілген жазылымдар «Өшірілген сервистер мен жазылымдар» тарауында көрсетілетін болады.

Ақылы сервистер мен жазылымды қосу үшін Клиент:

  1. қажетті карточканы таңдауы;
  2. «Әрекеттер» тарауына кіруі;
  3. «Ақылы сервистер мен жазылымдар» тарауын таңдауы керек, осы кезде ақылы жазылымдар тізімі жүктеледі;
  4. «Бұғаттау жасалғандар» тарауына кіруі;
  5. Керек жағдайда бұғаттан босатуы қажет.

Жазылым «Ақылы сервистер мен жазылымдар» тарауында қайтадан шығады.

Ескерту:

Егер Клиенттің қолданыстағы ақылы сервис(-тер) мен жазылым(-дар) бойынша 3 рет төлем жасалмаса, онда Банк бұл сервистерді, Клиентке хабарламастан, өз бетінше өшіруге құқылы.