%ТИТУЛ%
Ақшаға ақша

Ақшаға ақша

01.09.2025-дан
31.10.2025 дейін

АО «Нұрбанк» клиенттері арасында «Ақша ақшаға» бонустық бағдарламаның шарттары

Жалпы ережелер.

"Нұрбанк" АҚ (бұдан әрі – Банк) клиенттері арасында өткізілетін "Ақшаға ақша" бонустық бағдарламасы (бұдан былай – Бонустық бағдарлама) мобильді қосымшаны пайдалану кезінде клиенттердің назарын "Золотая Корона" және "UPT" ақша аударымдары жүйелеріне (бұдан былай – ААЖ) аудартуға бағытталған.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

  1. Бонус - Бонустық бағдарламаға қатысушы мобильді қосымшада ААЖ бойынша алған әрбір ақша аударым үшін бонустық бағдарламаны өткізу кезеңінде Банк Бонустық бағдарламаға қатысушыға оның ағымдағы банктік шотына немесе ағымдағы банктік шотқа байланған, банкте теңгемен ашылған төлем карточкасына беретін ақшалай төлем
  2. клиент - мобильді қосымша арқылы электрондық банк қызметтерін алатын 18 жасқа толған жеке тұлға
  3. Байланыс орталығы - клиенттердің телефон қоңырауларына, электрондық және жазбаша сұрауларына қызмет көрсететін Банктің тәулік бойғы ақпараттық-консультациялық қызметі
  4. БЕҚБТ - Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға
  5. мобильді қосымша – Банктің мобильді қосымшасы Nur24.kz, оны сәйкесінше Android және/немесе iOS платформаларына арналған Google Play және App Store дүкендерінен жүктеуге болады
  6. операциялық күн - Банк банктік операцияларды жүзеге асыратын Банк айқындаған тәулік ішіндегі уақыт кезеңі
  7. Золотая Корона ААЖ - Банк қатысушысы болып табылатын "Золотая Корона" ақша аударымдары жүйесі
  8. UPT ААЖ - Банк қатысушысы болып табылатын "UPT" ақша аударымдары жүйесі
  9. push хабарламалар - клиенттерді хабардар ету үшін мобильді қосымшада Банк жіберген электрондық хабарлама

 

Акцияға қатысу шарттары.

Бонустық бағдарламаға қатысу үшін клиентке:

  1. мобильді қосымшаның тіркелген пайдаланушысы болуы (жаңа клиенттер Бонустық бағдарламаны өткізу кезеңінде мобильді қосымшада тіркелуі)
  2. Банкте ашылған ағымдағы банктік шоттың немесе теңгемен ағымдағы банктік шотқа байланған төлем карточкасының болуы
  3. Бонустық бағдарламаны өткізу кезеңінде мобильді қосымша арқылы ААЖ бойынша қолма-қол ақшасыз ақша аударымын алуы тиіс
    • Банк Бонустық бағдарламаның шарттарын Бонустық бағдарламаға қатысушылармен алдын ала келіспей біржақты тәртіппен және кез келген уақытта өзгерту құқығын өзіне қалдырады
    • Бонустық бағдарламаға Банк жұмыскерлері және БЕҚБТ қатыспайды
    • Бонустық бағдарламаны өткізу кезеңі: 2025 жылдың 01-қыркүйегінен 2025 жылдың 31-қазанының соңына дейін.

Бонус мөлшері

Мобильді қосымша арқылы ААЖ бойынша алынған әрбір ақша аударымы үшін бонус мөлшері:

  1. 500 000 теңгеге /1 000 АҚШ долларына/еуроға дейін ақша аударымы үшін - 500 теңге
  2. 500 001 теңгеден/1 001 АҚШ долларынан/еуродан 2 500 000 теңгеге/5 000 АҚШ долларына/еуроға дейін ақша аударымы үшін - 1 000 теңге
  3. 2 500 001 теңгеден / 5001 АҚШ долларынан/ еуродан және одан көп сомаға ақша аударымы үшін - 1 500 теңге
    • Клиент төленген ақша аударымдарының ең көп санымен немесе клиенттің шотына аударылатын бонустардың ең көп сомасымен шектелмейді.

 

Банк шоттарына бонустарды есептеу және есепке алу

  1. Осы бонустық бағдарламаның 3.1-тармағында көрсетілген шарттар орындалғаннан кейін, клиент 4.1-тармақта көзделген мөлшерде бонустар алады.
  2. Бонустар клиенттің шотына күн сайын, алдыңғы операциялық күн үшін есептеледі және есепке алынады.
  3. Бонустар Акцияға қатысушының банктік шоттарына теңгемен есептеледі:
    1. ААЖ бойынша ақша аударымын алу бойынша операция жүргізілген ағымдағы банктік шотқа немесе ағымдағы банктік шотқа байланыстырылған төлем карточкасына теңгемен; 
    2. ААЖ бойынша ақша аударымын АҚШ долларымен және/немесе еуромен алған кезде теңгемен ағымдағы банктік шотқа немесе ағымдағы банктік шотқа байланыстырылған төлем карточкасына;
    3. Егер клиентте теңге валютасында ашылған ағымдағы банктік шотқа байланған бірнеше ағымдағы банктік шоттар немесе Төлем карточкалары болса, онда Бонус теңгемен ашылған соңғы белсенді ағымдағы банктік шотқа есептелетін болады
  4. Бонустар келесі жағдайларда есептелмейді:
    1. Егер клиентте ағымдағы банктік шот немесе теңгемен ашылған ағымдағы банктік шотқа байланған төлем карточкасы болмаса;
    2. Егер клиенттің ағымдағы банктік шоттары немесе ағымдағы банктік шотқа байланған, теңгемен ашылған төлем карточкалары бұғатталса, тыйым салынса немесе басқа да шектеу шаралары болса.
  5. Бонустық бағдарламаға қатысушы Бонустық бағдарламаның шарттарын бұзған жағдайда, сондай-ақ ФРОДТЫҢ ықтимал фактілері және/немесе ЖМК бойынша ақша аударымына қатысушылардың алаяқтық фактілері анықталған жағдайда, клиент Банктің қалауы бойынша Бонустық бағдарламаға қатысудан қосымша хабарламасыз біржақты тәртіппен шығарылуы мүмкін.
  6. Банк Банктің www.nurbank.kz интернет-ресурсында Акцияның тоқтатылғаны туралы хабарлама жариялай отырып, Акцияны біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату құқығын өзіне қалдырады.

Байланыс орнату деректемелері.

Бонустық бағдарламаға қатысушы Бонустық бағдарламаның шарттары туралы толығырақ ақпарат және түсінік алуы үшін Байланыс орталығының келесі телефон нөмірлеріне қоңырау шалуларына:

  1. 2552 қысқа телефон нөмірі (мобильді телефоннан тегін)
  2. +7(727) 244-44-44
  3. +7(707) 000-25-52 бойынша WhatsApp-қа жазуға
  4. cc_nur@nurbank.kz электрондық поштаға жазуға болады