Нурбанк клиенттермен диалогтың жаңа арнасын - WhatsApp-ты іске қосты. Бұл қадамның негізгі мақсаты - клиенттермен байланысты жеңілдету және қызмет көрсету сапасын арттыру. Енді клиенттер +7 707-000-2552 нөмірі бойынша дереу кеңес ала алады:
Айта кетейік, қазіргі уақытта банктің клиенттері қажетті ақпаратты NurBank.kz ресми сайтында онлайн чатта, Фейсбук, Твиттер, Инстаграм әлеуметтік желілеріндегі беттерде, сондай-ақ тегін 2552 нөмірі арқылы ала алады.
«Кез келген компанияның қызметін бағалаудың маңызды критерийлері - оның клиентке қолжетімділігі, сондай-ақ сұрауларды өңдеудің жеделдігі мен жылдамдығы. Біз клиенттерге банкпен байланысудың бірнеше нұсқасын ұсынамыз, бұл арқылы біздің ашық екенімізді және әрқашан көмектесуге дайын екенімізді айтқымыз келеді», - деді NurBank АҚ Басқармасының Төрағасы Эльдар Сарсенов.